«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 5 күн
5-ші күн (05.06.2015):
Поездбен осы таңда қазақ мысы мен ғарыш саласының орталығына- Жезқазған қаласына келдік. Бізді вокзалда 2 автобус күтіп тұрды. Олар біздің топты айналасын жасыл желек көмкерген “Kengir” қонақ үйіне жеткізді. Орналасып, кеш таңғы ас ішкен соң, автобус бізді Жезқазған қаласын танып- білу үшін әртүрлі маңызды орындарға жеткізді. Алғашқы аялдама- Жезқазған кен байыту фабрикасы. Бұл жерде шахтадан әкелінген мыс рудалары ұнтақталып, су және басқа да препараттар, қышқылдар қосылады екен. Мұндағы барлық дерлік техника механикалық принципке бағына жұмыс жасайды. Зауыт қызметкерлері, ең алдымен, бізге қауіпсіздік техникасы туралы презентация көрсетіп, зауыттың қауіпсіздік ережелерімен толықтай таныстырып шықты да, арнайы киімдер берді. Күртеше мен касканы киіп зауытты аралауға кірістік. Фабрика біргеше үлкен бөлімдерге бөлінген. Біз әртүрлі контейнерлер мен цехтарды аралып, мыс өндіру процесіне қанық болдық. Алайда, мыс әлі дайын бола қойған доқ. Келесі кезекте тұрған-Мыс балқыту зауыты. Kazakhmys Smelting бізді күтіп отыр екен. Ол жерде де, ең алдымен, қауіпсіздік техникаларымен танысып, арнайы киімдерді киіп алдық. Экскурсия жүргізіп келе жатырған зауыт қызметкері бізге кәсіпорынның жұмысын егжей- тегжейлі түсіндірді. Зауыттың 4 басты цехтары бар екен. Біз солардың ішіндегі электролит цехіне бардық. Мұнда электролиз процессі арқылы мыс металл ретінде жиналып, дайын өнімге айналады екен. Төртбұрыш пластинка тәрізді дайын мыс Ресей мен Қытай еліне экспортталады екен. Оларды электровоз бен кранның вагондарға тиеп жатқандарын көрдік. Осы зауыттар мен цехтардың барлығы Kazakhmys компаниясы екен. Ол Жезқазған тұрғындарының шамамен 25%-ын жұмыспен қамтып отыр екен. Ұзақ экскурсия өте танымды болды. Еліміздегі индустрияның, түсті металлургияның дамуын тамашаладық. Қонақ үйге қайтып, аздап тынығып және тамақтанып алдық. Содан соң, оқу шахтасына келдік. Атауы басқаша болғанмен, бұл жер әлі де кәдімгі шахта ретінде жұмыс жасап тұр екен. Тереңдігі 16 метрді құрайтын шахта іші салқындау екен. Шаөта ұзындығы шексіз болуы мүмкін. Өйткені, қай жерде мыс қоры байқалса сол жерге дейін шахтаны әрі қарай қазып, ұзартуға болады ғой. Ол үшін жару жүргізіледі екен. Шахтерлер бізге каскаларды ұсынып, шахтаға кіргізді. Іші өте кең, салқын әрі қараңғы. Мұндағы көптеген техникалармен таныстық. Бір байқағаным, төбеден су тамшылап тұрды. Әрине, бұл жер қыртысында сақталып қалған жаңбыр суы ғой. Алайда, жаңбыр кезіндегі орасан көп су шахта жұмысына қалай әсер етеді екен?! Дәл осы сұраққа шахтерле былай жауап берді: “Ол суды арнайы насосты машиналар сорып алады. Олар ысырап болмайды. Керісінше, біз жару жұмысын жүргізгенде шығатын шаңды басуға үлкен септігін тигізеді”. Ал, қауіпсіздік жағына келсек, щахта іші аса қауіпті көрінбейді. Төбеге ауыр, әрі қалығ бетондар, торлар орнатып қойыпты. Осы жерден мыс рудаларын алып, мыс байыту фабрикасына жібереді екен. Айтпақшы, бұл шахтада студенттерді практикадан өткізіп жатыр екен. Сонымен, қысқа ғана уақыттың ішінде шахтерлердің жұмысымен таныс болдық. Шахтаның жай жер астындағы үңгір емес, ел дамуына үлкен үлес қосатын маңызды кәсіпорын екенін түсіндік. Осындан кеійін, біз Жезқазған тарихи- археологиялық мұражайына бардық. Мұнда Жер шарының пайда болғаннан бергі дәуірлерді сипаттайтын экспонаттарды тамашаладық. Осы өңірден табылған археологиялық қазбалар мен Байқоңырдағы ғарыш саласының дамуын түсіндіретін экспонаттар, Жезқазған қаласының пайда болуы, орасан зор мыс қорының табылуы турылы жазбалар, Қаныш Сатбаевқа арналған ескерткіш те осы мұражайда өз орнын тауып тұр екен. Экспонаттарды аралап болған соң, екінші қабаттағы конференция залына бардық. Мұражай қызметкерлері бізге осы мұражайдың қоғамдық және мәдени шараларға ат салысқаны туралы бірнеше видеоролик көрсетті. Сонымен бірге, “Жезказган- самый лучший город” әнін тыңдадық. Ән авторы осы мұражайдың директоры Зинаида Чумакова екен. Ол кісі де біздің арамызға қосылып, өзі шығарған махаббат жайлы өлеңдерін оқып берді. Зинаида Чумакова 10 кітаптың авторы, көптеген өлеңдер, повесттер жазып жүрген Қазақстанның және Ресейдің ақын-жазушылар одағының және Қазақстан халықтар ассамблеясының мүшесі. Ол біздің сұрақтарымызға жауап беіп, бізге үлкен алғысын айтты. Содан соң, мұражай қызметкерлерінің бірі бізді Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арнап салынған Жеңіс саяжолына апарды. Бұл жерде Жезқазғаннан шыққан соғыс ардагерлеріне арнап қойылған ескерткіш бар екен. Саяжолдың ар жағынан мөлдіреп Кенгір су қоймасы көрініп тұрды. Оның сұлу көркі даңқ пен абыройы асқақтаған тас мүсіндермен үндескен сұлулыққа тамсанып, қайтадан қонақ үйге оралдық.
Бүгінгі сапар өте танымды, әрі қызықты, көңәлдә өтті. Менің бұл қалаға алғаш келуім. Жезқазған туралы алғашқы пікірім өте жақсы болды. Бір өкініштісі, мұнды НЗМ жоқ екен. Ал, қаланың болашағына кепіл бола алатын елін сүйген халық бар. Қаныш ағамыз негізін қалаған, еліміздің дәл ортасындағы, жүрегіндей мекен Жезқазған бойынша саяхат ұмытылмас әсер қалдырды.



