Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Сенбілік таң» — режиссер Қалила Омардың шаңырағында

Деректі фильм түсірудің шебері Қалила Омардың отбасымен сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар.

Қазақ режиссерлерінің ішінде деректі фильм түсіруді қолға алып, үнемі мұрағат ақтарып, кино-документалист ретінде қалыптасқан кинорежиссерлердің бірі – Қалила Омар.

Оның  туындыларының көпшілігі тарихтағы Алаш ақтаңдақтарына арналған. «Мағжан», «Алаш туралы сөз», «Алашорда» деректі фильмдерінде Қалила Омар қазақ зиялыларының бейнесін кеңінен ашып көрсетеді. Кинорежиссер Балтабай Көшербайұлы: «Қалиланың фильмдерінен қазақтың иісі аңқып тұрады. Мен оның қазақтың фольклорын, әр сөзінің астарын ашуға тырысатынына өте қатты мән беремін»,-дейді.

Бүгін «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қалила Омардың отбасымен сұхбат құрады.

 

0
0
697

Осы тақырып бойынша

«Сенбілік таң» — режиссер Қалила Омардың шаңырағында - Yvision.kz