Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада Мария Ладоның «Очень простая история» атты спектаклінің премьерасы өтеді

20 маусым күні Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Мария Ладоның «Очень простая история» атты спектаклінің премьерасы өтеді. Қойылымда махаббат пен ашу, қуаныш пен қайғы да бар. Сондай-ақ, онда өмір мен өлім туралы баяндалады. Сюжет желісі бойынша ауылдағы екі жас бір-біріне ғашық. Бойжеткеннің аяғы ауыр екенін білсе де, әкесі бұл некеге қарсы. Ол жігіттің маскүнем әкесімен құда болғысы келмейді. Осылайша, қыздың ата-анасы әлі дүниеге келмеген шарананы алдырып тастауға бекінеді. Автор қойылымда айтпақ ойын үй жануарлары арқылы көрсетеді. Ақылды жылқы, уайымшыл сиыр, мейірімді ит, өзімшіл қораз және арманшыл шошқа пьесаның негізгі кейіпкерлеріне айналады. Олар бір-біріне қатыгез болған адамдар үшін жанын беруге даяр. Туындының қоюшы режиссері - ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бекболат Па…

0
0
218

Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының алтыншы күні

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті - еліміздің Батыс өңіріндегі ірі жоғары оқу орындарының бірі. Бұл жоғарғы оқу орны ел болашағы - білікті мамандарды тәрбиелеуде көп жылдар бойы үлкен қызмет атқарып келеді. Екі жыл бұрын 50 жылдығын тойлаған жоғарғы білім ордасы бүгінде 35 мамандық бойынша бакалаврлар, 2 мамандық бойынша жоғары арнайы және 24 мамандық бойынша магистрлерді, 4 мамандық бойынша докторантураға дайындау жұмыстарын жүргізеді. Бүгін біз Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны ат басын бұрған едік. Аграрлық-техникалық университетке оқу сапарында біз бекіре балықтарының популяциясын өсіру үрдісін зерттеп және Ғылыми Зерттеу Орталығында инжиниринг пен ресурс үнемдеу бөлімінде тәжірибелер жүргіздік. Ал бағда…

0
0
3171

«Дала дауысы» радиофестиваліне қатысуға өтінімдер қабылданады

Қазақ радиосы халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің IV маусымына өтінімдер қабылдайды. Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалі дүниежүзі елдері арасында өткізіледі. Фестивальда әнді жазушы тұлғалар (композитор, ақын, өңдеуші) емес, тек орындаушылар ғана марапатталады. Қатысушыларға : - Қазақтың халық және халық композиторларының әндерін (дәстүрлі әндер); - Академиялық бағыттағы қазақ композиторларының әндерін (қазақ операларынан ариялар, жекелеген әндер); - Заманауи әндерді (эстрадалық), түрлі орындаушылық мәнерде (дәстүрлі, еуропалық академиялық, эстрадалық), түрлі стильде (классикалық, эстрадалық, поп, рок, реп, хип-хоп т.б.) орындауға еркіндік беріледі. Үміткерлерге қойылатын талаптар: Фестивальге қатысуға «Дәстүрлі ән», «Эстрадалық ән», «Этноэстрадалық ән», «Академиялық ән» ном…

0
0
386

Шоқанның бейнесі Астана театрында тұңғыш рет сахналанады

Елордалық Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында тұңғыш рет Шоқан Уәлихановтың бейнесі сахналанбақ. Биыл ғалымның туғанына 180 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай, Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 19-20 аралығында 18.30-да «ШОҚАН» драмасының премьерасын өткізеді. Аталмыш туынды қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқанов пен бірқатар драмалық туындылардың авторы Шота Уәлихановтың шығармаларының негізінде сахналанбақ. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. Қазақ халқының біртуар перзенті, ағартушы, ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың кадет корпусындағы өмір көріністері мен ғұмырының соңғы сәттері қойылымның мазмұнына арқау болып отыр.…

0
0
1343

Қазақстандағы заманауи орындаушылық пен педагогиканың кейбір аспектілері

Қазіргі таңда жас композиторлардың ғана емес, сонымен қатар белгілі отандық орындаушылардың қатарын өсірген жас, педагогикалық жұмысын жаңадан бастаған отандық педагог-практиктердің қызметін айқындау заңды, өйткені олардың қызметтері өткен уақыттардағы тәжірибені әдістемелік жаңалықтармен бірге меңгеруге бағытталған. Талантты орындаушы және педагог-практиктердің қатарында Оразалы Рустем Сансызбайұлының атқарған еңбегін атап өтуге болады. Ол 1979 жылы Алматы қаласында, музыканттар жанұясында дүниеге келген. Әкесі – оркестр әртісі, кезінде Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында фагот аспабында ойнаған, анасы – К.Бәйсейітова атындағы музыкалық мектепте халық аспаптар бөлімінде ұстаз. Жас кезінен ата-анасы ұлдарын музыкаға деген сүйіспеншілікке, халық шығармашылығына және барлық…

0
0
1040

Қазақстан UEFA рейтингісінде 50 орында

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бірінші орынды Германия, екінші орынды Испания құрамасы иеленген, үздік үштікті ағылшындар түйіндепті. Қазақстан тек Мальта, Андорра, Сан-Марино және Гибралтар құрамаларын артқа тастап, 54 елдің ішінде 50-ші орыннан көрінген екен. Сондай-ақ, ЕУРО-2016 іріктеу сындарындағы ұлттық құрамалардың ойынына қарап, 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан Әлем чемпионатына іріктеу сындарында өнер көрсететін командалар дәрежесіне қарай себеттерге бөлінді. Қазақстан 6 себетте. Бұл УЕФА құрамындағы ең төменгі көрсеткіштегі ұлттық құрамалардың тобы. 1 себетте: Германия, Бельгия, Нидерланд, Португалия, Румыния, Англия, Уэльс, Испания, Италия/Хорватия. 2 себетте: Италия/Хорватия, Австрия, Словакия, Швейцария, Чехия…

0
0
355

«Сыбайлас жемқорлық қоғамның жегі құрты»

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жамбыл обылысы бойынша филалы Тараз қалалық №1 бөлімінде 2015 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспары жасалып, жоспарға сай тиісті іс-шаралар атқарылуда. Мемлекет тарапынан қызметшілерге қойылатын басты талаптар-мемлекеттік тәртіпті нығайту, бюрократтық кедергілерді жою, заңдылық нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайларды болдырмау екендігі баршамызға айқын, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес тек құқық қорғау, қадағалау органдарымен және әкімшілік ресурстарымен ғана емес, қоғам болып бірлескен күштермен жүзеге асырылуы тиіс. Еліміздің өркендеуі мен көркеюі әрбір азамат тарапынан қосылатын үлес нәтижесінде ғана болмақ. Артылған сенім үдесінен шығу үшін әр қызметші заңдылық шеңберінде жұмыс жасап, өзіні…

0
0
394

Астана күніне орай шаһарда 70 астам шара өтеді

Биыл 6-шілдеде Астана қаласының 17 жылдығы тойланады. Астана қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, биыл елорда күнін мерекелеуге арналған бағдарлама сан алуан болады. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын көптеген тамаша мәдени-сауықтық бағдарламаларымен қуантпақ. Осы жылы мерекеге орай қалада республикалық және халықаралық деңгейдегі 70 астам шара өтеді. Оларға 500 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұловтың хабарлауынша, елорданың 17 жылдығын мерекелеу Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы секілді айтулы даталар негізінде өрбімек. Ал Елорда күнінің басты тақырыбы - «Ел жүрегі – Астана!». Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытының негізі - «Мәңгілік ел» Ұлтты…

0
0
972

«Балапан» көрерменіне екі жаңалық ұсынады

Достар, «Балапан» телеарнасының сендерге арналған керемет жаңалықтары бар! Көңілді бағдарламаларды жіберіп алмаймын десең бізбен бірге бол және ары қарай мұқият оқы. Сонымен... алғашқы жаңалығымыз: «Балапан» телеарнасы «Сиқырлы смурфтер» мультфильмін ұсынады! Осы аптада «Сиқырлы смурфтер» мультфильмін бізбен бірге тамашалаңдар. Бұл мультфильмде Нью-Йорк атты үлкен қалаға тап болған смурфтердің басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Алыс шалғайдағы сиқырлы мекенде бойлары алмадай ғана көк түсті смурфтер алаңсыз өмір сүреді. Бір күні зұлым Гаргамель олардың тыңыш өмірінің шырқын бұзады. Қастандық жасап, оларды сиқырлап тастайды. Сөйтіп, смурфтер таңғажайып әлемінен Нью-Йорк қаласының Орталық саябағынан бір-ақ шығады. Кішкентай смурфтер өздерінің әлеміне қайтуға тырысады. «Кішкентай смурфтер»…

0
0
3179

Бакуде І Еуропа ойындарына арналған музей ашылады

Бакудің Олимпиада стадионындаІ Еуропа ойындарына арналған мұражай ашылады. Бұл туралы Әзербайжан жастар және спорт министрі Азад Рагимов айтты деп хабарлады Trend.

«Мұражайға негізінен І Еуропа ойындарының ашылу салтанаты кезінде пайдаланылған бұйымдар мен киімдер қойылатын болады», деді министр.

Музей І Еуропа ойындары аяқатлған соң бірден ашылмақ.

Жалпы, Бакуде 20 спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өткізіледі: оның 16-сы — олимпиадалық спорт ойындары болса, қалған 4-уі — олимпиадалық емес спорт түрлері. Еуропаның түкпір-түкпірінен жиналған 6 мыңнан астам спортшы 17 күн бойы өз елінің намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, 2012 жылғы желтоқсанда Еуропалық Олимпиада комитеті Бакуды Еуропалық ойындарды өткізуге лайық деп таныған болатын.

 
Басты сөздер: СпортӘзербайжанТМД
0
0
345