Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Астанада Мария Ладоның «Очень простая история» атты спектаклінің премьерасы өтеді

20 маусым күні Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Мария Ладоның «Очень простая история» атты спектаклінің премьерасы өтеді.

Қойылымда махаббат пен ашу, қуаныш пен қайғы да бар. Сондай-ақ, онда өмір мен өлім туралы баяндалады.

Сюжет желісі бойынша ауылдағы екі жас бір-біріне ғашық. Бойжеткеннің аяғы ауыр екенін білсе де, әкесі бұл некеге қарсы. Ол жігіттің маскүнем әкесімен құда болғысы келмейді.  Осылайша,  қыздың ата-анасы әлі дүниеге келмеген шарананы алдырып тастауға бекінеді.

Автор қойылымда айтпақ ойын үй жануарлары арқылы көрсетеді.  Ақылды жылқы,  уайымшыл сиыр, мейірімді ит, өзімшіл қораз және арманшыл шошқа пьесаның негізгі кейіпкерлеріне айналады. Олар бір-біріне қатыгез болған адамдар үшін  жанын беруге даяр.

Туындының қоюшы режиссері -  ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бекболат Парманов, қоюшы-суретшісі – Қанат Мақсұтов.

Мария Ладо туралы дерек: 1965 жылы Киевте дүниеге келген. Драматург, сценарист. Әкесі Алексей Мишурин кино режиссері болған.

1986 жылы Мария Ладо И.Карпенко-Карий атындағы Киев мемлекеттік театр өнері институтының актерлік факультетін тәмәмдайды. Үш жыл А.П.Довженко атындағы киностудияда актриса болып жұмыс істейді, 11 фильмге түседі. Осыдан кейін ол Бүкілресейлік мемлекеттік кинематограф институтына (ВГИК)В 1986 году Мария закончила актерский факультет Киевского государственного института театраль түсіп, сценарий факультетін 1994 жылы бітіреді.

Мария Ладо – сегіз пьеса мен бес киносценарий авторы. ТДМ елдерінде, Еуроодақ пен АҚШ-та оның «Очень простая история», «Маэстро», «Женщина года», «Красный, белый, немножко грязи», «Тёзка» секілді шығармаларының негізінде қойылған пьесалар сұранысқа ие.

«Очень простая история» пьесасы оның алғашқы еңбегі болды және тек Ресейдің өзінде 30-дан астам театрдың сахнасында қойылды.

0
0
208

Осы тақырып бойынша