«Сыбайлас жемқорлық қоғамның жегі құрты»
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жамбыл обылысы бойынша филалы Тараз қалалық №1 бөлімінде 2015 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспары жасалып, жоспарға сай тиісті іс-шаралар атқарылуда.
Мемлекет тарапынан қызметшілерге қойылатын басты талаптар-мемлекеттік тәртіпті нығайту, бюрократтық кедергілерді жою, заңдылық нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайларды болдырмау екендігі баршамызға айқын, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес тек құқық қорғау, қадағалау органдарымен және әкімшілік ресурстарымен ғана емес, қоғам болып бірлескен күштермен жүзеге асырылуы тиіс.
Еліміздің өркендеуі мен көркеюі әрбір азамат тарапынан қосылатын үлес нәтижесінде ғана болмақ. Артылған сенім үдесінен шығу үшін әр қызметші заңдылық шеңберінде жұмыс жасап, өзінің бар күш – жігерін мемлекеттік функфияларды атқаруға жұмсауы тиіс.
Бөлім бойынша жүзеге асырылып отырған барлық жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес талаптары шегінде және заңдылық пен тәртіпті нығайту бағытында жүргізіліп келеді және одан әрі жалғасын таба бермек.
