Мазмұнға өту

Жаңа

«Дала дауысы» радиофестиваліне өтінімдер қабылдау басталды

Достар, тамаша жаңалығымызбен бөлісе отырайық: Қазақ радиосы халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің IV маусымына өтінімдер қабылдауды бастады. Әртүрлі жылдардағы қазақ әнінің фестивалі ретінде ойластырылған жоба қазақ әнінің халықаралық деңгейдегі заманауи, бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттауды мақсат етеді. Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалі дүниежүзі елдері арасында өткізіледі. Фестивальда әнді жазушы тұлғалар (композитор, ақын, өңдеуші) емес, тек орындаушылар ғана марапатталады. Қатысушыларға : - Қазақтың халық және халық композиторларының әндерін (дәстүрлі әндер); - Академиялық бағыттағы қазақ композиторларының әндерін (қазақ операларынан ариялар, жекелеген әндер); - Заманауи әндерді (эстрадалық), түрлі орындаушылық мәнерде (дәстүрлі, еуропалық академиялық, эст…

0
0
389

Қызылорда облысында Тәртіптік кеңестің 7-ші отырысы өтті

2015 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында 4 мәселе қаралды. Мәселен, Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары М.Барақбаеваның басқармасының тәртіптік комиссиясымен 2014 жылы және 2015 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстары мен басқармада сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында атқарылған шаралары туралы хабарламасы тыңдалды. Тәртіптік кеңес Басқармамен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмысын талқылап, кемшіліктер орын алғанын көрсете келе, бірқатар ұсыныстармен қатар басқарма басшысының 9 ай қорытындысының есебін қайта тыңдауды ұйғарды.…

0
0
540

Әбділда Тәжібаевтың ескерткіші ашылды

Көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбділдә Тәжібаевтың туған жерінде ақынның ескерткіш-бюсті ашылды. Өткен ғасырдың басында дүние есігін ашып, кеңестік дәуірдің барлық қиын кезеңдерін басынан кешіріп, артында өлмес әдеби мұра қалдырып кеткен қазақтың көрнекті ақыны, Сыр елінің перзенті, Қазақстанның халық жазушысы, драматург, сыншы, әдебиет, театр зерттеушісі Әбділда Тәжібаевтың төл әдебиетімізде алар орны ерекше. Ұлы ақынға қай өңірде ескерткіш қойса да жарасымды. Ал бұл бюсттің орны бөлек. Өйткені, өзінің туған жерінде, өзінің есімімен аталатын үлкен рухани шаңырақ - облыстық кітапхананың алдына қойылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ақынды ұлықтауға арналған шарада құттықтау сөз сөйлеп, Әбділда Тәжібаевтың өнері өскелең ұрпаққа өнеге болу керек екендігін тілг…

0
0
2539

Мәдениет қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 9маусымындаМаңғыстау облысының Мәдениетбасқармасында мемлекеттік қызметті өткеру және мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатыстысеминарлар өткізілді.

0
0
373

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысындағы әріптестеріне жауап қайтарды

16 маусымда БҮКІЛ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОНОРЛАР КҮНІНЕ орай Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 70 қызметкері, сонымен бірге жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері Жамбыл облысындағы әріптестері жолдаған Hot Blood Challenge эстафетасын қабылдап, «Сенің күнің, донор!» акциясына қатысты.

0
0
241

Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы «Алқа» бағдарламасында

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы Мұрат Қадырбек жергілікті Қазақстан-Ақтау телеарнасында «Алқа» бағдарламасында «100 нақты қадам» жоспары бойынша көрермендерге түсіндірмелер берді.

0
0
348

Жастар үшін экскурсия

2015 жылдың  16 мауысм айында Жастарға қызмет көрсету орталығы негізінде жастар мен Павлодарское ауылының саясат жөніндегі кеңесімен орталықта экскурсия жүргізілді. Жастар Орталықпен 5 сервис арқылы танысты. Сонымен қатар имидждық мерекелерді жүзеге асыру бөлімі және патриоттық тәрбиелеу бөлімі, Жастардың бос уақытын жәрдемдесіп  ұйымдастыру мен үйрету бөлімі, жастардың әлеуметтік сұрақтар бойынша  ақпараттық-кеңес беретін бөлімдері өздерінің қызметі жөнінде сөз қозғады.    Ал жастар Орталықтағы қоғамдық тұрмыс пен жүргізілетін мерекелерге қызығушылық танытқан болатын. Содан соң алдын ала дайындап келген флеш-мобын Орталық қызметкерлеріне сыйға таррты.

0
0
356

«Қазконтент» АҚ қазақтың ұлттық ойыны «Асық атудан» алғашқы республикалық турнир өткізеді

2015 жылдың 20 маусымы күні Астана қаласындағы «Хан-Шатыр» ойын-сауық және сауда-саттық орталығында «Қазконтент» АҚ, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, еліміздің белді бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында алғаш рет «Асық атудан» республикалық турнир өткізеді. Додаға: «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ, «Қазконтент» АҚ, «Қазақстан» РТРК АҚ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ, «Қазинформ» халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС, «Астана қаласының телеарнасы» ЖШС, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі құрамалары қатысып, өздерінің мергендігін көрсете алады. Жарыс келесі түрлерден өтеді: ерлер үшін – «бес табан», әйелдер үшін – «бес асық». Сонымен қатар, дода аясында «Асыл-дизайн» сән үйінің негізі…

0
0
515

Атырау облысында Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді

2015 жығы 17 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысындағы Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді. Тәртіптік кеңес отырысында 5 мәселе қаралды. Күн тәртібіне сәйкес Құрманғазы ауданы әкімі А.Қ. Барақатовтың 2014 және 2015 жылғы І тоқсанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы атқарылған жұмыстары және аудандық тәртіптік комиссияның жұмысы туралы есебі тыңдалды. Тәртіптік кеңес Құрманғазы ауданының әкіміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жүзеге асыруды күшейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді. Кейін, Исатай аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Е.Дүйсеновке қатысты тәртіптік іс қаралды. Исатай ауданының әкіміне Қазақстан Рес…

0
0
635