Белгілі бапкер М.Елеусіновтің жүлдесі үшін бокстан халықаралық жарыс мәреге жетті
16 маусым күні Қазталов ауданында КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Елеусіновтің жүлдесі үшін бокстан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир мәреге жетті. Аталған жарысқа Батыс Қазақстанмен қатар Маңғыстау, Ақтөбе, сондай-ақ көршілес Ресей Федерациясы Саратов облысынан (Александров-Гай ауданы) барлығы 146 балғын боксшы қатысып, бақ сынады. Жарыстың жабылу рәсіміне Марат Елеусіновпен бірге бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, олимпиада ойындарына қатысқан, әлем және Азия чемпионы Галиф Джафаров, Азия ойындарының жеңімпазы Нұржан Кәрімжанов мәртебелі мейман ретінде қатысты. М.Елеусіновті аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қабылдап, ауыл-аймақта бокс өнерін одан әрі дамыту хақында әңгімелесті. Сонымен қатар, оған өткен жылы аудандық мәслихаттың шешімімен «…

