Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жамбыл облысының 800 жуық мемлекеттік қызметшісі облыстық спартакиадаға қатысты

19 – 20 маусымы аралығында «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облысыстық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының облыс бойынша филиалының басқаруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған облыстық спартакиада өткізілді.
Іс – шараның мақсаты спорттың көпшілік түрлерін дамыту және насихаттау, қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен әрдайым айналасуға тарту, салауатты өмір салтының қағидаттарын бекіту, қала және аудан тұрғындарының күнделікті тұрмыс тіршілігіне дене шынықтыру мен спортты кеңінен еңгізу, мемлекеттік ұйымдарындағы ұжымдарда денешынықтыру – сауықтыру және спорттық жұмысты жақсарту.
Спартакиаданың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Қожабаев, оның орынбасары Ғ.Тұрсынбаев, мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының облыс бойынша филиалының төрағасы О.Есіркепов, облысыстық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Г.Қайнарбеков.
2 күн аралығында, спартакиаданың бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер жеке – командалық сынақта волейбол, тоғызқұмалақ, жүзу, ұзындыққа секіру,мини – футбол, шахмат, устел теннисы және қол күрестіру бойынша спорт түрлеріне қатысты.
Сайыс нәтижесі бойынша Жуалы ауданының құрама командасы жеңімпаз атанды, екінші орында Жамбыл облысының құрамасы орналасты, ал үшінші орынды Талас және Меркі ауданадары бөлісті.
Жүлделі орын алған командалар грамота, медаль және кубоктармен марапатталды.

0
0
368

Осы тақырып бойынша

Жамбыл облысының 800 жуық мемлекеттік қызметшісі облыстық спартакиадаға қатысты - Yvision.kz