«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері БАҚ өкілдері арасындағы жарыста жеңімпаз атанды
«Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Айнұр Шамшейтова «Бес асық» ойынында бақ сынады.

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай елордадағы «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында «Асығың алшысынан түссін!» атты жарыс өтті.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының атынан шыққан әріптесіміз, «Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Айнұр Шамшейтова қыздар арасында ұйымдастырылған «Бес асық» ойынынан ІІІ орын иеленді.
Жалпы, жарыста 8 команда бақ сынасты.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Астана» телеарнасы, «Егемен Қазақстан» АҚ, «Казахстанская правда» газеті, «ҚазАқпарат» ХАА», «Бас редакторлар клубы» және Орталық коммуникациялар қызметінің құрама командалары көпшілік алдында ептіліктері мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді.
Әріптесімізді жеңісімен және кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
«Шалқар» дерегі: Айнұр Шамшейтова Шымкент қаласында дүниеге келген. Халықаралық Қазақ-Түрік университетін аяқтаған.
2007-2014 жылдар аралығында Қазақ радиосында редактор-жүргізуші қызметін атқарған. 2014 жылдың наурыз айынан бастап «Шалқар» радиосының редактор-жүргізушісі.
Елбасы стипендиясының иегері. «Мен қазақ қыздарына қайран қалам...» атты облыстық және ақын Өмірбай Сәуірбаевтың 60 жылдығына арналған республикалық байқаудың лауреаты. «Тағдыр сыйы» кітабының авторы.
