ХҚКО-ы халық игілігі жолында
«Электронды үкімет» барлық мемлекеттік органдардың басын біріктіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйені білдіреді.
Елімізде электронды үкімет құруи деясын Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында білдірген болатын.
2010 жылдың мамыр айынан бастап жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамалар тек электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында берілуде. «Электронды үкімет» порталының мүмкіндігі ол азаматтар облыстың кез келген жерінде тұрып-ақ Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамаларды ала алады. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталықтарынан үйінде немесе жұмыс орнында отырып-ақ Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдаланып төмендегі электронды қызмет түрлерін ала алады:
Салымшы қаржысының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат;
Тұратын жерінен мекен-жай анықтама;
Сотталмағандығы туралы анықтама;
Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлігінің жоқ болуы (бар болуы) туралы анықтама;
Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлігінің (тарихы) жоқ болуы (бар болуы) туралы анықтама;
Заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлігі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
Заңды тұлғаның жылжымайтын мүлігінің (тарихы) жоқ болуы (бар болуы) туралы анықтама;
Жеке тұлғаларға жылжымайтын мүліктері не тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама және т.б.
Электрондық анықтамаларды алу үшін ҚР Ұлттық куәландыру орталығы талаптарын сақтай отыра тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет. Бұл электрондық әлем мен өзара іс-қимылдың алғашқы қадамы болып есептеледі.
Электрондық цифрлық қол таңбаны пайдалану қиын емес. Техникалық жағынан ЭСҚ оның иесі туралы мәлімет сақталған арнайы кодтардан тұрады, мысалы ЖСН нөмірі ЭСҚ-ның негізгі элементі құпия кілт болып табылады, оның көмегімен электронды ққұжаттарды шифрлеу жасалады және электрондық цифрлық қолтаңба қалыптасады.
Қолтаңбаны қалыптастырудағы басты шарт – жеке тұлғада ЖСН, сондай-ақ заңды тұлғада БСН бар болуы қажет.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу үшін аудан азаматтары БҚО Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Сонымен қатар, ХҚКО және «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саласындағы халықтың сауаттылығын артыру бойынша Call-орталық ҚР барлық аумағында барлық абоненттер үшін тегін болып табылатын 1414 нөміріне қоңырау шалуға болады.
"ХҚКО" РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының №4 бөлімі
