Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Алаң» ток-шоуының тележүргізушісіне кастинг жарияланды

Құрметті оқырмандар, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Алаң» тоу-шоуының тележүргізушісіне кастинг жариялады.

Үміткерлерге қойылатын басты талап - саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді сараптай білуі, сондай-ақ сценарий жазуда жоғары білімге ие болуы. Мамандығы саясаттанушы болғаны құпталады.

Үміткерлердің жасына қойылатын талап – 30 бен 50-дің аралығы.

Кастингке қатысып, бақ сынап көремін деген азаматтарды 2015 жылдың 29 маусымында сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» күтеміз.

Кастинге қатысу үшін үміткер міндетті түрде алдын-ала тіркелуі керек.

Кастингке жауапты тұлға: Мақпал  Буралкиева

Кастингке тіркелу үшін немесе қандай да бір сұрақтарыңызға жауап алу үшін +7 7172 55 33 68 телефонына хабарласа аласыз немесе [email protected] электронды поштасына хат жазсаңыз болады.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирінде әр жексенбі сайын 22:30-да шығатын «Алаң» ток-шоуы бүгінгі қоғамдық (саяси, әлеуметтік, қаржылық, экономикалық) мәселелерді лауазымды тұлғалармен ашық талқылап, шешу жолдарын көрерменмен бірге іздейді.

Жиілігі аптасына 1 рет, әр сейсенбі сайын 13:10-да қайталанады.

0
0
217

Осы тақырып бойынша

«Алаң» ток-шоуының тележүргізушісіне кастинг жарияланды - Yvision.kz