Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Электронды тіркеу мемлекеттік қызметі туралы

Ескере кететін мәселе 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу енгізілген болатын. 
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсан «Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс.
Ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға аудару қажет. Міндет – мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мемлекеттік қызметін аумақтық әділет органдары «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде көрсетеді.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқықтық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 15-V Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Сол енгізілген өзгерістерге сәйкес, Республикамыз аумағында жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу мүмкіндігі туды.
Электрондық тіркеу дегеніміз, мәміле нотариат куәландырғаннан кейін, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне (ЖМТ МДҚ) автоматты түрде түсетін, құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Оқырманға түсінікті болуы үшін толығырақ айта кетсек, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесі (ЖМТ МДҚ) дегеніміз – бұл әділет органдарымен жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы барлық жазбалар енгізілген деректер қоры, ал бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе (БНАЖ) дегеніміз – бұл нотариаттық қызметті автоматтандыруға және әділет органдары мен нотариаттық палаталардың өзара іс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.
Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу электронды тіркеу кезінде де сақталады. Бас тартуға немесе тіркеуді тоқтата тұруға негіз болған жағдайда, тіркеуші орган тиісті шешім қабылдайды.
Әрі қарай, өздеріңізге белгілі, жылжымайтын мүлікке құқық тіркелген соң, тіркеуші органмен тіркеу жүргізілгендігі туралы мөр басылып, кадастрлық нөмір, жылжымайтын мүлік объектісінің пошталық мекен-жайы, тіркеу күні және уақытысы, тіркеу органы басшысының қолы және т.б. жазылады, ал электронды тіркеу кезінде тіркеудің жүргізілгендігі туралы тіркеуші органның сандық қолтаңбасымен куәландырылған, тіркеу туралы жазбаларды, тіркеу күнін, арыз нөмірі көрсетілген хабарлама жолданылады. Хабарлама БНАЖ-ге, сонымен қатар, мәмілеге қатысушылардың бар болған жағдай электронды мекен-жайларына түседі. Айта кететін жайт, басылған мөр де хабарлама да бірдей заңды күшке ие. Хабарламаны қандай да бір жазумен немесе мөрмен растаудың қажеттігі жоқ.
Электрондық тіркеу құқық иесінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады. Жеке немесе заңды тұлғалар өз кезегінде жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеуге құжаттарын БНАЖ-сі арқылы немесе ХҚКО-ры арқылы тапсыруына болады. Бұл тұлғаның өз еркі.
Электрондық тіркеудің артықшылығы, тұлға жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу үшін құжаттар топтамасын жинау, ХҚКО-да кезекте тұрып өткізудің қажеттігі жоқ болуында.

0
0
1070

Осы тақырып бойынша