Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Стивен Сигал қала күніне орай ұйымдастырылған І Халықаралық жекпе-жек өнері фестиваліне қатыспақ

Фестивальға Қазақтан, Америка, Қытай, Ресей, Чехия, Оңтүстік Корея және Жапонияның ең үздік шеберлері қатысады.

Сонымен қатар, оқушылар сарайында белгілі америкалық актер, режиссер және продюсер Стивен Сигал жекпе-жек өнері бойынша шеберлік сағатын өткізді. Айкидо федерациясының 70 жуық спортшысы мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері әйгілі актердің шеберлігін тамашалады.

І Халықаралық жекпе-жек өнері фестиваліне актер, кәсіби спортшы, «Страна бокса», «Страна героев» тележобаларының жүргізушісі Сергей Бадюк пен ресейлік кикбоксер, кәсіпқойлар арасында бірнеше дүркін Әлем чемпионы Бату Хасиков та келмек.

Еске сала кетейік, ертең сағат 15.00 «Марриотт» қонақ үйінде Стивен Сигал фестивалға қатысушы басқа да қонақтармен бірге баспасөз мәслихатына қатысады.

Стивен Сигал – 1952 жылы 10 сәуірде дүниеге келген американдық актер, продюсер, режиссер, жекпе-жек өнерінің шебері.

Жеті жасынан бастап жекпе-жек түрлерімен шұғылданған, Жапонияда 20 жыл өсір сүрген, айкидо меңгеріп, өзі де сабақ берген.

Экшн фильмдерге түсумен аты шыққан. Осы жанрда 50-дей кинотуындыға қатысқан.

Бұған дейін Стивен Сигал Қазақстанға 211 жылы «Астана» халықаралық экшн-фильмдер фестиваліне қатысқан болатын.

0
0
281

Осы тақырып бойынша