Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Хасен Молдабаев: Дзюдодан Әлем біріншілігінің маңызы зор

24-30 тамыз аралығында Астана қаласында Дзюдо күресінен әлем біріншілігі өтеді. Осыған орай «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз хатшысы Хасен Молдабаев  «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Бұл Әлем біріншілігінің маңызы зор. Себебі, әр мемлекет Олимпиада алдында осындай Әлем біріншіліктеріне мықты деген спортшыларын жібереді.  Елімізге атақты спортшылар келмек», - дейді Хасен Молдабаев.

Оның айтуынша, дайындық жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін халықаралық Дзюдо федерациясының өкілдері Қазақстанға екі рет келіп кеткен екен. Аздаған ескерту айтылыпты. Осы уақытта аталған кемшіліктермен жұмыс жүргізіліп жатыр екен.

Жарыс «Алау» мұз айдынында өтеді.

«Бүгінде сайысқа 50-ге жуық мемлекеттің спортшылары тіркелді. Біздің жоспарымыз бойынша, 100-ден астам мемлекеттің өкілдері қатысады», - дейді баспасөз хатшысы.

Хасен Молдабаев спортшылардың жеті салмақ дәрежесінде бақ сынайтынын жеткізді.

«Қазақстанда дзюдо спортының даму қарқыны өте жақсы. Себебі, былтыр қазан айында Гран-при жарысын өткіздік, биыл Әлем біріншілігін қолға алып отырмыз. Осыған қарап-ақ дзюдо спорты насихатының жақсы екенін байқауға болады», - деп атап өтті ол.

Қазақстанда Әлем біріншілігінің чемпионы, Олимпиада жүлдегері, сонымен қатар, көптеген Гран-при жарыстарының жүлдегерлері бар.

«Оларға қарап бұл спортқа жас ұрпақ қызығады. Сондықтан, біз дзюдоның бұқаралық сипатын арттырудамыз»,  - дейді Хасен Молдабаев.

Баспасөз хатшысымен болған сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпан» бағдарламасының мұрағатынан көре аласыздар. Бағдарламаның хештегі #tankaz екенін еске сала кетейік.

0
0
1052

Осы тақырып бойынша

Хасен Молдабаев: Дзюдодан Әлем біріншілігінің маңызы зор - Yvision.kz