«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова ақпарат саласының мамандарын құттықтады
Шара барысында корпорация төрағасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың корпорация ұжымына жолдаған Алғыс хатын оқып берді.
Бүгін Астанада «Қазақстан» РТРК» АҚ Төрағасы Нұржан Мұхамеджанова ақпарат саласының мамандарын Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтай келе, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың корпорация ұжымына жолдаған Алғыс хатын оқып берді.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын белсенді жариялап көрсеткені және отандық ақпарат кеңістігін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс жарияланады»,-делінген Алғыс хатта.
«Бұл Алғыс хатта әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз бар. Бүгінде біздің шығармашылық ұжым министрліктерден, мемлекеттік және бизнес құрылымдардан құттықтаулар алып жатыр. Бұл – көрермендеріміз бен радиотыңдармандарымыздың біздің жұмысымызға деген үлкен ықыласы»,-деді құттықтау сөзінде Басқарма төрағасы. Сондай-ақ, Нұржан Мұхамеджанова корпорация қызметкерлеріне «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері мен Алғыс хаттар табыстады.
