Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Алматы облысының Қарасай ауданында 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы ашылмақ

Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту. Негізгі міндет - шикізат базасын дамыту және өндірілген өнімдерді экспорттау.

Бұл - мемлекетті нығайтуға арналған «100 нақты қадамның» 61-ші бағыты.

Алматы облысы,  Қарасай ауданының жұртшылығы осы тапсырманы тиянақты орындауға күш салуда.

Ауданда Елбасы тапсырмасы аясында 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы ашылмақ.  Сол бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Әзірге экологиялық таза, табиғи етпен облыс, сонымен бірге, өзге елдердің нарығына шыққан кәсіпорын жұмысын жандандырмақ. Нақтырақ айтсақ, Қытай еліне де ет экспорттауды жолға қоймақ.

Анықтамалық дерек: Осы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтты.

Кейінірек Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды.

Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.

0
0
252

Осы тақырып бойынша