Астанада AIBA үздік бапкер мен боксшыны құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат — Ұлттық бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен команда капитаны Данияр Елеусіновты Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) екінші жыл қатарынан әлем бойынша үздік деп таныды.
2013 жылы Айтжанов пен Елеусіновтың жетістігі Алматыда әлем чемпионатының қорытындысы бойынша аталып өтті. Қазақстандық команда жарыста 4 алтын иеленген болатын.
2014 жылы Қазақстан командасы аса жоғары нәтиже көрсетті: Инчхондағы XVII жазғы Азия ойындарында 6 алтын (Данияр Елеусінов те алтын алды), 1 күміс, 1 қола медаль, жалпы есепте бірінші орынды иеленді.
2014 — әлемнің үздік бапкері мен боксшысына AIBA марапатын AIBA атқарушы директоры Карим Бузиди табыс етті.

