Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қазақ пен Созақ-тел ұғым!

Қазақ пен Созақ - ажырамас тел ұғым.

Қазақ ұлтының арғы-бергі тарихында осы бір төскейлі теріскейдің алатын орны ерекше. Іргелі елге айналған қазақ хандығының шаңырағы дәл осы Созақта көтерілді. Мұны Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген келген жас пікірсайысшылар айтып, осындай дәлелдер келтіріп отыр. Созақтың мәртебесін асқақтатып, ондағы тарихи шындықты шүбәсіз алға тартты.

Созақ. Оңтүстік пен Батыстың, шығыста Шу-Талас өңіріне апаратын Қаратаудың теріскейіндегі жолдың түйіскен жерінде орналасқан киелі жер. Қазақтың бар тарихына куә.  ХV ғасырда хандық биліктің тірек қаласы да осы Созақ болғандығына күмән жоқ.

Созақ аудандық «Жастар орталығы» КММ-нің директоры Серік Мамановтың айтуынша, пікір сайысшылар өз дәлелдерін келтіріп, Қазақ хандығының бес жүз елу жылдығын мәселе қылып көтерген екен.

«Қазақ хандығының 550 жыл бұрын құрылғаны жайлы жастар қалай ұғынады екен. Сол сияқты пікір сайысшылар өздерінің ойынша қалай зерттеп келеді. Сол мәселе көтерілетін болады. Бұл жерде 7 қарар ұсынылып отыр. Оның 5 қарары қазақ хандығының 550 жылдығына арналады. Ал, қалған екеуі Созақ өңірі жайлы айтылады», - дейді ол.

Елуге жуық жастың басын қосқан сайыс Американың парламенттік, Линкольн-Дуглас форматтарында жүргізілді. Аталған шара аясында Парламенттегі жастар үлесін отыз пайызға дейін көтеру мәселесі қарастырылыпты. Отбасы институтын дамытудың тиімді бағдарламасы ұсынылып,  оңтүстіктегі оңды істер өзекті 8-ші қарарға арқау болды.

Құралбек Алдыоңғаров, «ХАН» фракциясының мүшесі:

Үш күнге созылған кереметтей турнирге ОҚО негізгі мәселелері, ауыл шаруашылығына негізделген және стратегиялық және жастар мәселесіне қатысты көптеген мәселелер қозғалды. Және 550 жылдық тарихымыз финалдың өзекті мәселесі болды. Бүкіл ауданда осындай қолдау болатын болса, жастарға деген біздің еліміз елу елдің емес, үздік үштіктің қатарында болады.

Сөз бәйгесінің соңғы  финалы  қыза түсті. Иә, тарихқа дәлдік керек. Түп-тұқиян ауызекі әңгімемен емес, шежіремен түгенделді. Яки, ғылыми жүйенің негізін нығайтуға бетбұрыс жасалды.

Қадау-қадау мәселелердің мәнісін тарқатқан «Хан» фракциясы жүзден жүйрік шығып, сайыстың жеңімпазы атанды. ІІ орын «Ноғай мен Адай» фракциясына бұйырса, «Яксар» фракциясы ІІІ орынның кубогіне ие болды.

0
0
653

Осы тақырып бойынша

Қазақ пен Созақ-тел ұғым! - Yvision.kz