«ҚазАгро» инвестициялық жобасы 7000-шы «Беларус» тракторын шығарды
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен қаржыландырылған Қазақстандағы ауылшаруашылық техникаларының өндірісі бойынша инвестициялық жоба кезекті шегіне шықты. «ҚазАгро» холдингі желісі бойынша қолдау көрсетіліп 1,3 млрд.теңге инвестицияланған «СемАЗ» машина жасау зауыты «Беларус» тракторының 7 000-шы санын шығарды. Кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлады акционерлік қоғамның баспасөз қызметі. «СемАЗ» ЖШС тракторлар өндірісінің тарихы 2009 жылы Қазақстанда ауылшаруашылық техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру жөніндегі конкурстан басталған, оны «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ өткізген болатын. Семейдің машина жасаушыларынан түскен өтінімге кейіннен 3000 бірлікке дейінгі техниканың өндірісімен жылына 1000 тракторды құрастыру өндіріс…