Мазмұнға өту

Жаңа

Шығыс Қазақстанның «шамшырақтары»

Қазақстанның қай аймағын алып қарасаңыз да, көз тартар әсем табиғатты көресіз. Кең байтақ еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне, батысынан шығысын бойлай жүретін болсаңыз жазық даланы, зәулім тауды, шөл даланы, көлді, тасты, құмды жерлерді көріп, жаңбырдың тамшысын, қардың жапалақтап жауғанын, ызғарлы суық пен ескен самалды, байтақ даланың тартымды келбетіне тоя алмай арлы-берлі көшіп-қонып жүрген құстарды, жүзген балықты, жануарлар мен өсімдіктердің сан алуан түрлерін тамашалауға үлкен мүмкіндік бар. El.kz интернет жобасы Қазақстанның көркем табиғатын насихаттау, оны қорғау, баршаға таныстыру, марқая мақтану мақсатында еліміздің тылсым сырға толы, таңғажайып табиғатына «саяхат» жасауды жалғастыруда. Бұған дейін «Шарын шатқалының шартарабы», «Әуезді Әнші құм», «Бесшатыр», «Көлсай көлдері»,…

0
0
1465

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің БҚО бойынша департаментіндегі кездесу

 

2015 жылдың 17 шілде күні Техникалық реттеу және метрология Комитетінің БҚО бойынша департаменті, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» БҚОФ қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың орындалуы және мемлекеттік қызметтегі әкімшілік реформалар» тақырыбында кездесу өтті.

0
0
429

АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін ашты

Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі америкалық Халықаралық сауда және инвестиция орталығымен бірлесе АҚШ Конгресінің ғимаратында «Бүгінгі Қазақстан: геосаяси жағдайларда өзгеретін сындары мен мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ. АҚШ федералды заңнамалық органдарының, Вашингтон іскер орталары мен сараптама қауымдастықтарының 100-ден аса өкілдері жиналған іс-шарада Еуропа және Еуразия жөнідегі Өкілдер палатасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің Еуропа және Еуразия жөніндегі кіші комитетінің төрағасы, конгрессмен Дэйн Рорабакер, осы кіші комитеттің тең төрағасы, конгрессмен Грегори Микс, АҚШ Сауда министрі көмекшісінің атқарушы орынбасары М. Лалли, Халықаралық сауда және инвестиция орталығының президенті Дэниел Витт, «Boeing» компаниясы…

0
0
241

О.Рыль: Жасөспірімдер арасында қылмыстың азаюы үшін әлеуметтік-экономикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет

Жасөспірімдер арасында қылмыстың азаюы үшін психологиялық жұмыстардан бөлек әлеуметтік-экономикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, деді ОКҚ брифингінде «Құқық» қоғамдық ұйымының жетекшісі Ольга Рыль. «Мен «Шанс» кәмелетке толмағандарға қолдау көрсету орталығын таныстырамын, ол «Құқық» қоғамдық қоры аясында 5 жыл бұрын пайда болды. Бұл орталықтың атын заңмен даулы мәселеде болған жасөспірімдер өздері атады. Қазір зорлыққа байланысты көтеріліп жатқан сұрақтар өте өзекті. Отбасы әркезде де балаларға әдеби, мәдени, құқықтық жағынан жақсы үлгі көрсете бермейді. Егер де ол зорлыққа отбасында куә болса, өзге замандастарына да соны көрсетуі мүмкін», - деді О.Рыль. Оның айтуынша, орталыққа ювеналды соттағылар, немесе қылмыстық іс қалпына келтіру негізінде тоқтатылған балалар келеді. Қоғамдық…

0
0
548

Қазғарыш басшысы «Алексей Леонов» медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) төрағасы Талғат Мұсабаев «Алексей Леонов» күміс медалімен марапатталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Аталып өткендей, Мәскеу қаласындағы жұмыс сапары шеңберінде Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев кеңестік «Союз-19» ғарыш кемесі мен американдық «Аполлон» ғарыш кемесі түйісуінің 40 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты. Аталған салтанатты шараға «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының, ғарыш саласындағы ресейлік және шетелдік ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері, таяу және алыс елдердің елшілері, Ресей Федерациясы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен басқа да құрметті қонақтар қатысты, олардың арасында американдық астронавт Томас Стаффорд та болды. Халықарал…

0
0
459

Конституция кез-келген мемлекеттің басты заңы – сарапшы

Конституция кез-келген мемлекеттің басты заңы. Мемлекетке басшы болған азаматтар құқықтық іргетастың мығым болуына күш салуы керек,-деді Қазақстан заңгері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Зинаида Федотова Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында. «Конституция кез-келген мемлекеттің басты заңы. Мемлекетке басшы болған азаматтар құқықтық іргетастың мығым болуына күш салуы керек. Ал біздің өз мемлекетімізде Елбасының жетекшілігімен бірінші кезекте қолға алған мәселеміз жаңа мемлекеттің Конституциясының тұжырымдамасын талқылау болды»,-деді З.Федотова. Оның сөзінше, 1993 жылы қабылданған алғашқы Конституция талаптары өтпелі кезеңде өзінің рөлін атқарды. «Ағымдағы заңнамалар Конституция негізінде қалыптастырылуда, осыған қ…

0
0
784

Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағы құрылды

Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағы құрылды. Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының бірінші мәжілісі өтті. «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының басты мақсаты жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындармен, кәсіби мамандарды даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындарымен байланыс орнату. Одақ экономикалық кеңістіктегі жалғыз орган болуға ұмтылуы керек. Біздіңше, одақ қызметі заңнамалық бағдарлама органдарында мүдделерін қорғайтын болады. Бізге жүйелі көзқарас қажет, мемлекетке әр кәсіпорынмен жеке жұмыс істеу тиімсіз, ал біріге отырып, біз өзіміздің ортақ пікірімізді білдіре аламыз»,-деді Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының басшысы Сәуле Шәуенова. Оның сөзінше, біздің елімізде жұмыс істеп жатқа…

0
0
1093

дәйексөз

©jeremy geddes

Әрбір әйел жүрегінің бір бұрышын ешқашан жасамаған күнәлер үшін сақтайды.

/Корнелия Отис Скиннер/

1
0
406

Ақмола облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша көпқабатты үйлер қайта жөнделеді

Жарқайың ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 75 пәтерлік 5-ші үйдің қайта жөнделуі жүруде, деп хабарлады Ақмола облысы ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы». Айта кетерлігі, енгізіліп отырған тұрғын үйдің жалпы аумағы 3 400 шаршы метр. Баспана Калачи және Красногорск елді мекендерінен көшіп келген тұрғындарға бағытталған. Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлжан Байгизова айтып өткендей, тұрғын үйдің қайта жөнделуіне «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша қаржы бөлу қарастырылған. Нысанды осы жылдың соңында тапсыру жоспарлануда. Сондай-ақ, 5-ші және 6-шы 75-пәтерлік тұрғын үйлердің қарауы жүзеге асты. Естеріңізге сала кетсек, «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бірқатар бағыттың жүзеге асырылуын көздейді: 1. Жергілікті атқару органдарынд…

0
0
440

Әлеуметтік-экономикалық салада 314 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді — Бас прокуратура

ҚР Бас прокуратурасында заңдылықтың жағдайы мен прокурорлық қадағалау тәжірибесі жан-жақты талданып, шешімін күткен проблемалық мәселелер көтеріліп, болашақ перспективалар мен басым бағыттар нақтыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Хабарламадан мәлім болғанындай, республикада сотқа дейінгі қылмыстарды тіркеу көрсеткіші өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25,9 пайызға артты. Жағдайдың бұлайша сипат алуы елде қылмыстық әрекеттердің көбюінен емес, қылмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеу жүйесінің өзгеруіне байланысты болып отыр. Осылайша, аса ауыр емес қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны 109,2 пайыз болды, ауыр қылмыстар 11,4 пайызға артып, өте ауыр қылмыстар 8,5 пайызға көбейген. Орташа ауыр қылмыстық құқықбұзушылықтар небәрі 2,6 пайызға төмендеген. Бұл ретте аса ауыр…

0
0
349