Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алтын құмдар

Алтын құмдар

Өткен бейсенбіде, Жастар бастамаларын дамыту орталығы Ертіс жағалауында  қалалық «Алтын құмдар» байқауын өткізді.

Құмды жағажайдағы басты сауықтардың бірі, ол – мүсін жасауға барынша көп мүмкіндік беретін, құммен ойын. Атап кетерлік, соңғы онжылдықта құмнан мүсін жасаудың танымал болғаны сонша, тіпті өнер қатарына жатқызылып отыр. Тек жаз мезгілінде ғана, мұндай тамаша айшықтар бой көтеріп, көрермен көзін бірте-бірте өзіне тартады.  Осыған орай, қала тұрғындары арасында көптеген фестиваль, байқау мен сайыстар өткізіледі.

Орталық қызметкерлері, бастаманы өз қолына алып, барлық белсенді демалушыларды Ертіс жағалауына шақырып бұл байқауды жүзеге асырды. Берілген 40 минут ішінде әр топ қатысушылары өз қиялына сүйеніп, кез-келген мүсін жасауы тиіс болды.

Баршасы, үлкені де, кішісі де тырысып, әрқайсысы өнер қырынан көрінгісі келді. Әлдебіреу қорған құрды, тағы біреулері өз отансүйгіштігін көрсетті, сонымен қоса қызықты қырықбуын, жүрек, жануар мүсіндері де кездесті.

Орталық қызметкерлері, мұқият қорытынды жасап, мұндай сайысқа құштар болған қатысушылардың барлығына шағын жүлде сыйлады. Осындай іс-шара қала тұрғындарының демалысын жанға жайлы, жадыда қаларлық, тамаша естелік болып қалмақ.

 
0
0
1013

Осы тақырып бойынша

Алтын құмдар - Yvision.kz