Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысында 45 қоршау-оба табылды

Жетісуда қазақ мемлекеттілігінің бастауы – сақ билеушісінің ескерткіші кешенді түрде зерттелінуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің "Халық қазынасы" ғылыми-зерттеу институты мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының бірлескен зерттеу тобы Алматы облысы Райымбек ауданының Қарқара ауылдық округіне қарасты Қарқара жайлауында сақтардың «патшалық» ескерткішіндегі кезекті қазба жұмыстарын жалғастырды.

Зерттеу нәтижесінде ж.с.д. VI-V ғасырларға жататын сақ билеушісінің құрметіне салынған ірі көлемді ескерткіштің бірнеше құрылымдық элементтері – жер бетіндегі құрылымы, айнала қоршап жатқан тас қоршау қаландылар, орлар ашылды. Сақтардың архитектурасы, жерлеу ғұрпы және дүниетанымы жайлы жаңа мәліметтер алынды.

Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Сонымен қатар, Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.

Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз кийізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған».

Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және де Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда сақтар тайпалары мекен еткен.

Жетісулық сақтардың әлеуметтік дәрежесі жоғары, беделді билеушісі қойылған бұл кешеннің айналасынан төрт ғасырдан соң ғұн-сармат кезеңінде, бір мезетте жерленген 45 қоршау-обалар да ашылды. Қоршаулардан бас киімнің ілмекті алтын қапсырма әшекейлері, моншақтар, қыш ұршықтар т.б. табылды.

Ақпарат көзі

 

0
0
1351

Осы тақырып бойынша

Алматы облысында 45 қоршау-оба табылды - Yvision.kz