Жезқазған мен Балқаш өңірлерінде металлургтерді ұлықтауда
Металлургтер күні Қазақстандағы ең ірі, әрі ертеден келе жатқан мыс қорыту зауыттары бар, «Kazakhmys Smelting» ЖШС корпорациясының бөлімдерінде орналасқан Жезқазған және Балқаш аймақтарында кеңінен өткізіледі, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Жезқазған мен Балқаш қалаларында мыс қорыту зауыттарының еңбегі сіңген жұмысшыларына құрмет көрсетіп, салтанатты жиындар және түрлі спорттық жарыстар өткізіледі. Бұған қоса Балқаш қаласында жергілікті маңызы бар Ванюков пешінің іске қосылғанына 30-жыл толған мерейтойына арналған салтанатты жиын өткізіледі. Екі қаланың алаңдарында да дәстүрге айналған Қазақстан және шетел эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер өткізіліп, соңы мерекелік шашумен аяқталады. Қазақмыс корпорациясындағы металлургтердің алар орыны ерекше маңызды. Же…

