Милан қаласының мэріне «Smart Astana» жобалары таныстырылды
Бүкіләлемдік ЭКСПО көрмелерін ұйымдастыру және өткізу жағынан тәжірибемен алмасу бойынша, Қазақстан және Италияның екіжақтық ынтымақтастығы аясында Милан қаласының мэрі Джулиано Пизапиа «Smart Astana» жобаларымен танысты.

Смарт-жобаларының көрсетілімі Қазақстанның астанасына Милан қаласының мэрі Джулиано Пизапианың Астана күніне келуінде өтті.
«Нұралі Әлиев Джулиано Пизапиа мырзаға «Smart емхана», «Smart Astana», «Smart көшелерді жарықтандыру», «Smart payments» және қала әкімдігінің Интеллектуалды байланыс-орталығы жобаларын көрсетті», - делінген хабарламада
Нұралі Әлиев италияндық қонақтарға смарттарды көрсету барысында, «Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясындағы негізгі жобалардың бірі» болып «Smart» көшелерді жарықтандыру» бола алатынын атап өтті.
Джулиано Пизапиа, өз кезегінде, қала әкімдігінің «ақылды» технологиялар енгізуі жағынан жасаған жұмыстарынан өзінің әсер алғанын атап өтті және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына осы жобалардың табысты іске асырылуына сенімділігін білдірді.
«Smart city» құруы жағынан Астана және Милан араларындағы екіжақ әрі қарай тәжірибемен алмасуы туралы келісті.
Сондай-ақ, Будапешт қаласының мэрі шақыруы бойынша жуырда Мажарстан астанасына ісспарымен барғаны, сол елдің басшыларымен бірқатар келіссөздер өткізгені және оның ішінде Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне Мажарстанның қатысатынына сенімін білдірген Ұлттық даму министрі Миклош Шестакпен кездескенін еске саламыз.
Сонымен қатар, естеріңізге сала кетсек, 15-шілде күні Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Smart Astana» тұжырымдамасы аясында жаңа жобаларды іске қосқан болатын. Қала басшысы «Smart емхана», «Smart мектеп», «Smart көшелерді жарықтандыру», «Smart payments» жобаларымен, сондай-ақ, қалалық әкімдіктің интеллектуалды байланыс орталығының жұмысымен танысқан болатын. Атап айтқанда, №4 қалалық емханада «Smart емхана» жобасы тәжірибеде пайдалануға берілді. Смарт-сервис аясында дәрігерге онлайн жазылу жүйесі, терминал арқылы емханаға қабылдауға жазылу, сондай-ақ, дәрігерлер мен тіркеу қызметінің автоматтандырылған жұмыс орындарын іске қосу қарастырылған.
«Smart мектеп» жобасы №3 және №15 мектептер негізінде жүзеге асырылуда. Сол арқылы «е-Асхана», «e-кітапхана», бейнебақылау жүйесі енгізіледі.
Әкім, сондай-ақ, smart.astana.kz порталында коммуналдық төлемдер жасаудың жаңа механизмін қамтамасыз ететін «Smart payments» жобасымен танысты. Бұл жоба бір уақытта су, газ, коммуналдық қалдықтарды шығару, электр қуаты, телекоммуникациялар үшін төлемдерді қабылдайды.
Әділбек Жақсыбеков аталған жобалардың елордалықтар үшін маңыздылығын ескере отырып, олардың күнделікті өмірде жан-жақты пайдалануға енгізу қажеттілігін айтты.
