Мазмұнға өту

Жаңа

Үмітхан МҰҢАЛБАЕВА: «Астана тұрғындарының 25-30 пайызы кітапханаға тәуелді»

Кітап – адамның ақыл-ойын өсіріп, дүниетанымын қалыптастыратын ұлы құрал, баға жетпес қазына. Кітап адамзатпен бірге жасай беретін ғасырлық мұра. Шекспирдің «Кітап маған тақтан да қымбат» – деген сөзі бар. Ал, кітапхана – көп салалы, ақпараттық әрі рухани орталық. Астана тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығы қандай, елорда жұртшылығының қанша пайызы кітапқұмарлар тобына жатады? Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында педагогика ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті кафедрасының доценті, қоғамдық ғылымдар академигі, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Үмітхан Мұңалбаевамен әңгімелескен едік. – Үмітхан Дәуренбекқызы, алдымен, Ұлттық академиялық кітапхана туралы аз-ке…

0
0
2785

24.07.2015 жылға сәйкес жария ету баспасөз-релизі

1. Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 394,6 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 41 797 өтініш түсті. - сомасы 283,6 млрд. теңгеге 34 654 тұрғын үй объекті; - сомасы 106,1 млрд. теңгеге 17 964 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 73,7 млрд.теңгеге 4 475 коммерциялық объект; - сомасы 0,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 15 қатысу үлесі; - сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. Сомасы 224,6 млрд. теңгеге 31 636 объект жария етілді. 2. Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,5 млн тенге құрайтын 18 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті. - сомасы 632,1 млн. тг құрайтын 14 тұрғын үй объекті; - сомасы 1,5 мл…

0
0
263

БҚО-дағы мемлекеттік қызметшілер кәсіби мемлекеттік қызметті қолдайды

2015 жылдың 23 шілдесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен орталық мемлекеттік органдардың облыстағы аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкерлеріне семинар кеңес өткізіліп, онда мемлекеттік қызметті бұдан әрі кәсібилендіру мәселесі талқыланды. Семинар-кеңестің ашылуында Департамент басшысының орынбасары Н.Сүйінбаев «100 нақты қадам» жаңа реформасында көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппарат құру ұлт Жоспарына тоқтай келе, бұл құжат кәсіби мемлекеттік аппарат құруда ғана емес, еліміздің барлық саласының алға жылжуына себеп болатын мықты күш екендігін атап өтті. Содан, өз сөзінде Департаменттің мемлекеттік қызмет өт…

0
0
325

БҚО Казталов ауданында мемлекеттік кәсіби аппарат құру мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топтары құрылды. Осы облыстық топ жұмысының шеңберінде 2015 жылдың 23 шілдесі күні Қазталов ауданында Жаңақала, Жәнібек және Қазталов аудандары әкімдік қызметкерлері мен мәслихат аппаратының басшылары, бөлім жетекшілерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Семинарға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі БҚО департаментінің басқарма басшысы А.Жұбаныш және Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары А.Жалмағамбетов, қатысып, қатысушылар алдында кәсіби мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызметшілердің сапалық деңгейін арттыру жөнінде түсінік…

0
0
424

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан Ұлттық құрамасының күнтізбесі белгілі болды

Қазақстан құрамасы алғашқы ойынды 2016 жылдың 4-қыркүйегінде Польша құрамасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚФФ.

4 қыркүйек, 2016 жыл. Қазақстан – Польша

8 қазан, 2016 жыл. Черногория – Қазақстан

11 қазан. 2016 жыл. Қазақстан – Румыния

11 қараша, 2016 жыл. Дания – Қазақстан

26 наурыз, 2017 жыл. Армения – Қазақстан

10 маусым 2017 жыл. Қазақстан – Дания

1 қыркүйек, 2017 жыл. Қазақстан – Черногория

4 қыркүйек, 2017 жыл. Польша – Қазақстан

5 қазан, 2017 жыл.  Румыния – Қазақстан

8 қазан, 2017 жыл. Қазақстан – Армения

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы Армения, Черногория, Польша және Дания құрамаларымен осы уақытқа дейін кездескен. Ал, Румыния футболшыларымен алғаш рет ойнамақ.

0
0
277

Бүгін Алматыда ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасы ашылады

ІОІ-2015 International olympiad in informatics - 1989 жылдан бастап ЮНЕСКО аясында өткізілетін оқушылар арасындағы ең беделді зияткерлік сайыс. Бүгін сағат 15:00-де Алматы қаласындағы О.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында информатика пәнінен оқушылар арасындағы XXVII Халықаралық олимпиадасының (ІОІ-2015 International olympiad in informatics) ашылу салтанаты өтеді. Шараға әлемнің 80 елінен 630-дан астам бала қатысады, деп күтілуде. 2 тамызға дейін жалғасатын сайыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында өтеді. ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасында Қазақстан намысын Данияр Маминов, Мейрамбек Өмірзақ, Бекжан Бекболатұлы және Алтыбай Назарбектер қорғайды. Айта кетейік, ІОІ-2015 International olympiad in informatics - 1989 жылдан бастап ЮНЕСКО аясында өткізілетін оқушылар…

0
0
186

Геннадий Головкин канадалық боксшы Давид Лемьемен жұдырықтасады

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 17 қазан күні канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке шығады.

Кездесу 2015 жылдың 17 қазанында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Канадалық  боксшы Давид Лемье осыған дейін 36 кездесу өткізіп, оның 34 жеңіске жетсе, 31 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Ал, екі кездесуінде жеңіліп қалған. Ол соңғы кездесуін биыл 20 маусымда франциялық боксшы Хассан Н Дам Н Жикамға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін биыл 17 мамыр күні америкалық кіші Вилли-Монромен өткізіп, 6 раундта нокаутпен ұтқан.

0
0
663

«Атырау» – «Ақтөбе»: 0 – 2

Бүгін «Атырау» футбол клубы өз алаңында «Ақтөбемен» кездесті. Премьер-Лиганың 22-айналымындағы жарыста алаң иесі 0-2 есебімен ұтылып қалды. Ойынның тоғызыншы минутында ақтөбелік Сергей Хижиненко алғашқы гол соқты. Бірінші тайм 0-1 есебімен аяқталды. Ойынның 46-минутында Маркос Пизелли соққан доп Атырау қақпасына дәл тиді. Атыраулық ойыншылар есепті теңестіруге қанша талпынғанымен, ойын 0-2 есебімен, Ақтөбенің жеңісімен аяқталды. «Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлерінің қуанышында шек болған жоқ. Олардың айтуынша, «Ақтөбе» енді-енді командалық ойын көрсете бастапты. Sports.kz спорттық порталының мәліметінше, осыған дейін Қазақстан біріншілігінде «Атырау» мен «Ақтөбе» өзара 33 кездесу өткізген болатын. Оның ішінде 6 кездесуде «Атырау» клубы жеңсе, 21 жеңіс «Ақтөбе» клубының қанжығасында, ал 6…

0
0
297

Азаматтарға паспорт пен жеке куәлік алу тәртібі

«ХҚКО» РМК-ның барлық бөлімдерінен паспорт, жеке куәлік қалай алу тәртібі жеңілдетілді. Аталмыш мемелекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ХҚКО мына құжаттарды ұсынады: Құжат үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті (мемлекеттік баж төлеудан босатылған тұлғалар растайтын құжаттарын) ұсынады. Жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж төлеу Паспорт алу үшін мемлекеттік баж төлеу Төмендегі құжаттардың бірі: Туу туралы куәлік (16 жасқа толған соң жеке куәлік алу кезінде, 16 жасқа дейін паспорт алу кезінде); ҚР азаматының паспорты ( паспорт ауыстырған кезде); Қазақстан Республика азаматының жеке куәлігі (жеке куәлікті ауыстырған кезде, 16 жасқа толған кезде бірінші рет паспорт алған кезде); ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (ҚР азама…

0
0
979

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет

Техникалық паспортты алуға өтініш беру «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және де «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1586 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және қағаз түрінде.. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі . Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен көрсетіледі, «Электрондық үкімет» портал арқылы электрондық кезекті бронға қоюға болады. Көрсетілетін қызметті алушы (жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі (өзге де құқық иеленуші) (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы тапсырыс беру ке…

0
0
497