Мазмұнға өту

Жаңа

Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды

Бокс кеші Лас-Вегаста өтті.

АҚШ-та Лас-Вегастағы шаршы алаңда бірінші ауыр салмақта 31 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері, жартылай ауыр салмақтағы экс-чемпион Бейбіт Шүменов 36 жастағы американдық-мексикалық кәсіби боксшы Би Джей Флореспен жұдырықтасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. WBA нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы титулын алу үшін болған жекпе-жектің 12 раундынан соң күші басым боксшы анықталып, оның нәтижесі бойынша төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

0
0
249

«Бөрілі байрақ» айтысын көріңіз

Астана күніне орай ұйымдастырылған айтысты бүгін 11:50-де көріңіз. Шілде айының басында Астана күніне орай «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті дәстүрлі фестивалі аясында «Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы өткен болатын. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған айтыс екі күнге созылды. Бірлікті, қоғамдық келісім мен ынтымақты дәріптеуге, байрақты тарихымыз бен ежелгі хандықтардан мирас болған саяси сабақтастықты жырлауға арналған айтыста Серікзат Дүйсенғазы (Астана), Айбек Қалиев (Арқалық), Бауыржан Халиолла (Орал), Жарқынбек Наушабеков (ОҚО), Ринат Зайытов (Алматы), Иран­ Ғайып Күзембаев (Астана), Зура Шәйдімұратқызы (Алматы) сынды ақындар өнер көрсетті. Сондай-ақ, сөз додасына Қалижан Білдәшев (Шымкент), Ботагөз Мұхиденқызы…

0
0
420

Ұлттық арнада – «Сын сағат» драмасы

Оңтүстіккореялық фильмде басты рөлдерді Юн Ын Хе, Пак Хань Пёль, Чха Йе Рён сомдайды.

Елдің маңдайалды университетінің актерлік бөлімінде оқитын төрт студент қыз болашақта жарқын өмір сүретіндеріне кәміл сенетін. Әзірше олар түнгі клубтарға барып, өздері құралпы жастармен танысып уақыт өткізеді. Бірақ, өмірде бәрі олар ойлағандай оңай емес. Қателіктер мен өкінінішті сәттер де болады екен. Араларындағы бір бойжеткен үлкен жобаға ілініп, түсірілімге қатысатын сәтте олардың достығына қатер төнеді.

Ол бұл сынақтан қалай өтпек? Режиссер Ин-му Хеоның туындысын бүгін Ұлттық арнадан сағат  15:15-те көріңіз.

0
0
971

Бекжан Әшірбаевтың шығармашылық кеші

«Көршінің қызы» концертін бүгін 17:00-де тамашалай аласыздар.

«Көршінің қызы» - композитор  Бекжан Әшірбаевтың «төлқұжатына» айналған ән. Жарыққа шыққанына 16-17 жылға жуық уақыт болса да, халық жадынан өшкен жоқ.  «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекжан Әшірбаевты ел ақын-композитор деп таниды. Себебі , оның жан-дүниесінен шыққан өлеңдері ән болып өріліп, тыңдарманның ықыласына бөленіп жүр. Жуырда сазгер «Көршінің қызы» атты шығармашылық кеш берген болатын. Жұбаныш Жексенұлы, Ақылбек Жеменей, Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір, Саят Медеуов, Әділ Сламхан, Жанболат пен Жазира, «Нұр-Мұқасан» дуэті, Абай Бегей, Асхат Тарғынов және т.б әншілер өнер көрсеткен кешті бүгін Ұлттық арнадан сағат  17:00-де тамашалай аласыздар.

0
0
395

Минск қаласына жолым түсті

Минск қайдасың? Ұшақ Минск әуежайына қонуға арналған маневрін жасауға даяр болғаны хабарланғанда орындықтағы сақтандыру белдемшесінің екі басын бел тұсымда қосып біріктірдім. Әуедегі төрт сағаттық жолым аяқталуға шақ қалды. Бұлттардан төмен түстік, таң атып қалған шақ, жер релефі анық көрінді. Иллюминатордан: -Минск қайдасың?, -дегендей үңіліп қарадым. Көрінбеді. Ұшағымыз қонатын әуежай орман алқабын текше тәрізді. Көп ұзамай Беларуссия жеріне аяғымыз тиіп, әуедегі жолымыз сәтті аяқталды. Ұшақтан түскен бойда арнайы автобусқа отырып әуежайдағы кедендік терминалына жеттік. Кеденнен өттік. Багаж алдық. Қалаға дейін 22 километр. Автобус орыннан қозғалды. Әуежайдан шыға сала ұшақ иллюминаторынан көрінген орманды тіліп өткен жолға түстік. Жеті-сегіз шақырымнан кейін орман аяқталды. Жолдың оң ж…

1
0
763

Астанадағы Ұлттық музейде «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасы аясында «Ұлылармен сұхбат» көрмесі өтуде

Көрмеге архаикадан бүгінге дейінгі ежелгі дәуірлердегі «көркем мәтіндерге» шығармашылық өңдеу негізінде жасалған көркем туындыларды ұсынуда. Шараға «Parallel Worlds» шығармашылық тобына біріккен ХХ-ғасырдың 70-80 жылдарындағы петербургтық және мәскеулік кескіндеме мектебінің өкілдері Латиф Казбеков, Александр Кондуров, Люся Кондурова, Валерий Лукка, Вячеслав Михайлов, Надежда Николаева, Алексей Талащук, Олег Яхнин, Дмитрий Каминкер, Леонид Колибаба, Ольга Булгакова, Сергей Гета, Дмитрий Иконников, Ольга Гречина, Юрий Миронов, Иван Лубенников, Александр Ситников, Татьяна Назаренколардың 90-нан астам туындылары қойылған, деп жазады mks.gov.kz сайты. Жобаның басты мақсаты – ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы ресейлік суретшілердің шығармашылық мұраларын сақтау, әрі олардың шығармаларын көпшілікк…

0
0
442

Ұлттық арнада – «Жайдарман»

Республикалық Жоғары лига ойындары. 1/8 финалындағы екінші топтың қызықтарын Ұлттық арнамен бірге көріңіз.

«Тарих маусымының»  алғашқы ойындары жоғары лигалықтарға тиесілі болды. Республикалық Жоғары лига сайыстары 1/8 финалының екінші бөлімінде оралдық «ҚазИИТУ құрамасы», алматылық «АЭСА», жетісайлық «Сырдария құрамасы» өнер көрсетті. Сонымен қатар астаналық «Күлтегін» мен Алматыдан келген «Абай даңғылы 8» командасы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Жайдарманшылардың» әзілін бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:30-да тамашалай аласыздар.

0
0
631

«Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы қандай?

Бүгін 17:50-де Ұлттық арнадан «Қазақстан би әлемі» хабарын көріңіз.


Қазақ билерi – көбiне  нақты белгiлi бiр тұрмыс-тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады.

Ол елдiң сән-салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы-мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұрады.

Бұл өнер халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеді. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан.

Бүгін «Қазақстан би әлемі» хабары «Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы мен орындалу ретіне тоқталмақ. Сағат  17:50-де Ұлттық арнадан  көріңіз.

0
0
923

«Қара шаңырақ» қайта эфирге шығады

Телехикаяның 1-3 бөлімдерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:10-да көріңіз.

«Қара шаңырақ» - отбасылық құндылықтарды насихаттауды мақсат тұтқан телехикая.   Телехикаяның  негізгі тақырыбы үш ағайындының арасында өрбиді. Үлкені – ірі кәсіпкер, ортаншысы – спортшы, қылмыс әлемімен аздап байланысы бар, ал кенжесі ауылда өмір сүріп, ауыл шаруашылығымен айналысады. Әрқайсысының отбасы бар. Сондай-ақ, ағайын арасындағы кейбір мәселені олар өз бетінше шешуге тырысады.

Бұған дейін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетілген телехикаяның қайталау бөлімдерін бүгіннен бастап сенбі-жексенбі күндері тамашалай аласыздар.

0
0
505

«Сенбілік кездесуде» — Бибігүл Төлегенова

Алпыс жыл сахнада жүрсе де, ән айтудан жалықпаған әнші бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарында сырымен бөліспек. Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері, Батыс Европа композиторларының вокалдық шығармалары бар. Әнші өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді, опера өнеріне де елеулі үлес қосты. Бірнеше фильмдерде замандастарының образын жасап, өнері республика, ТМД елдері көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Польша, Чехославакия, Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, АҚШ және т.б. елдерде болды. Семейдегі ет комбинатында жұмыс істей жүріп, ән салған жас талант иесінің үлкен сахнаға жолдаманы қалай алды? Өмір жолында кездескен түрлі…

0
0
431