БҚО Казталов ауданында мемлекеттік кәсіби аппарат құру мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топтары құрылды. Осы облыстық топ жұмысының шеңберінде 2015 жылдың 23 шілдесі күні Қазталов ауданында Жаңақала, Жәнібек және Қазталов аудандары әкімдік қызметкерлері мен мәслихат аппаратының басшылары, бөлім жетекшілерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинарға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі БҚО департаментінің басқарма басшысы А.Жұбаныш және Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары А.Жалмағамбетов, қатысып, қатысушылар алдында кәсіби мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызметшілердің сапалық деңгейін арттыру жөнінде түсінік берді.
Шара соңында қатысушыларға мемлекеттік кәсіби аппарат құру тақырыбындағы буклеттер таратылып, отырысты Казталов ауданының әкімі Н.Бекқайыр қорытындылады.
