Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет

Техникалық паспортты алуға өтініш беру «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және де «электрондық үкімет» веб-порталы  арқылы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1586 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық  және қағаз түрінде..
Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі .
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен көрсетіледі, «Электрондық үкімет»  портал арқылы электрондық кезекті бронға қоюға болады.
Көрсетілетін қызметті алушы (жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі (өзге де құқық иеленуші) (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:               «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы тапсырыс беру кезінде төмендегідей құжаттар топтамасы ұсынылады. 
1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызметіне сәйкес өтінім;

2) көрсетілетін қызметті алушының  және көрсетілетін қызметті алушыны өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) бар болған жағдайда жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар;
4) техникалық паспорт бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат екі кезеңде ұсынылады:

«Электрондық үкімет» веб-порталы  арқылы тапсырыс беру кезінде
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) бар болған жағдайда жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар
3) техникалық паспортты беру үшін ақы төленгенін растайтын құжат екі кезеңде беріледі:

№2 Бөлім инспекторы А.Дауталиева

   
0
0
482

Осы тақырып бойынша

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет - Yvision.kz