Мазмұнға өту

Жаңа

Уәлихан ауданының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

А.ж. 24 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен «Уәлихан ауданының жастар бастамалары орталығы» КММ қоғамдағы жемқорлық сипаттарына «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша семинар өткізілді. Семинарға ауданның мемлекеттік органдарының жас қызметкерлері, жас кәсіпкерлер, этно-мәдени орталықтар, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері мен жастар қатысты.Кездесуде 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ұғымдары, мемлекеттік қызметке өту тәртібі, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістеріне жастардың көзқарасы талқыға салынды. Іс-шара барысында сауалнама жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы слайдтар мен бейне роликтер көрсетілді, бұған қоса ақпараттық ү…

0
0
321

Шал ақын ауданының қызмет алушылары өз құқықтарынан хабардар


СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен «Шал ақын ауданының жастар бастамалары орталығы» КММ аудандық ХҚКО, мемлекеттік органдар мен орталық алаңда «Менің мемлекеттік қызмет алу кезіндегі құқықтарым», «Жемқорлық қол сұғушылықтардан өзін-өзі қорғау» ақпараттық үнпарақтарын тарату бойынша «Хабардар бол» акциясы өтті. Акция аясында 100-ден астам үнпарақтар таратылды.


0
0
549

«Тірі қалған» туындысы – әлем күткен фильм!

2015 жылғы Оскардың «ең үздік фильм» номинациясын жеңіп алған «Бердмэн» туындысының режиссері Алехандро Гонсалес Иньярриту биыл көрерменге тағы да тосын сый дайындап отыр. Иньярриту түсірген "Тірі қалған" ("Выживший") вестернінің бірінші трейлері де шықты. Ресми трейлерін қараушылардың саны бүгінде 13 миллионнан асты. Картинада басты рөлде әйгілі Леонардо Ди Каприо ойнайды. Фильм америкалық тауға өрмелеуші әрі тұңғыш жол салушы Хью Гласстың өмірбаянын көрсетеді, Ресми синопсис бойынша, саяхаттаушы Гласстың басынан өткен өте қатерлі оқиғасы мен адамның адам сенбес күшті рухы жайлы. Фильм трейлерінде Ди Каприо сомдаған Гласс өзінің қарсыласы әрі бұрынғы досы Джон Фицджеральдқа қарсы болады (бұл рольде Том Харди ойнайды). Сонымен бірге, роликте кейіпкердің қара аюмен арпалысатын сәті бар. Сц…

0
0
701

Шал ақын ауданының жастары: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

Ағымдағы жылғы 24 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен «Шал ақын ауданының жастар бастамалары орталығы» КММ қоғамдағы жемқорлық сипаттарына «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша семинар өткізілді. Семинарға ауданның мемлекеттік органдарының жас қызметкерлері, жас кәсіпкерлер, этно-мәдени орталықтар, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері мен жастар қатысты.Кездесуде 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ұғымдары, мемлекеттік қызметке өту тәртібі, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістеріне жастардың көзқарасы талқыға салынды.Іс-шара барысында сауалнама жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы слайдтар мен бейне роликтер көрсетілді, бұған қоса ақ…

0
0
487

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын бақылау керек пе?

Бүгін 13:10-да «Алаң» ток-шоуын көріңіз. Қазақстан Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ азаматтық қоғамның үкіметтік емес ұйымдар деп аталатын құрылымына ерекше көңіл бөлінуіне бастады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі азаматтық қоғамның қаншалықты өсіп-өнгенін және елдегі демократиялық үдерістердің даму дәрежесін айқындап береді. Үкіметтік емес ұйымдардың біздің қоғамдағы алатын орны ерекше болуы тиіс. Бұл құрылымды мемлекеттен бөліп қарауға болмайды. Оның да бүкіл қызметі мемлекеттік, халықтық мүдделермен қабысып жатады. Елдегі бірқатар үкіметтік емес ұйымдар қызметінің нәтижесі қандай? Одан қазақ қоғамына келер пайда қайсы? Жалпы, мұндай ұйымдардың қызметіне бақылау жүргізу мүмкін бе? Бұл сауалдарға жауапты бүгін 13:10-да «Алаң» ток-шоуынан…

0
0
233

«Өнер шежіресі». Кәміл Моллашев

Суретшінің шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 12:30-да біле аласыздар.

Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкені үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Кескіндеменің пайдаланатын құралы - сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суретші шеберлігінің көрінер жері де осында. Тақырып аясы кең, көп жанрлы кескіндеме өнерімен айналысатын суретшілердің бірі Кәміл Моллашев.

Суретшінің шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 12:30-да «Өнер шежіресі» хабарынан көре аласыздар.

0
0
294

«KAZsport» телеарнасы «ХИК» – «Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді

29 шілдеде Финляндияда Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «ХИК» клубы елордалық «Астана» командасын қабылдайды. Ойынды «KAZsport» телеарнасы сағат 21:50-де тікелей эфирде көрсетеді.  
0
0
243

Тағдыр тәлкегі

Жақындарынан алшақтап кеткен жандар бүгін «Әйел бақытында» қонақта.

Қоғамда тағдырдың жазуымен бір-бірінен көз жазып қалған жандар баршылық. Бірақ, «Тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездеседі», деген. Күндердің күнінде олардың да бір-бірімен кездесуі әбден мүмкін. Бүгін «Әйел бақыты» ток-шоуында жақындарын жоғалтып алған жандар мен жиырма жыл қызын көрмей, жуырда ғана қауышқан ана қонақта.

Аталмыш оқиғалардың желісі, бейнематериалмен толықтырылып отырады. 15:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
867

Ағзаға не жетіспейтінін қалай түсінуге болады?

Кей жағдайда өзімізге түсініксіз себептермен ащы немесе тәтті тағам жегіміз келеді, я болмаса темекі тартуға, суық сусындар ішуге құмарымыз артып тұрады. Дәрігерлер бұндай зиянды дағдылар адам азғасына бір нәрсе жетіспейтіндіктен туады деп есептейді. Мысалы... Егер сіз майлы тағамға құмар болсаңыз, ол сіздің ағзаңызға кальций жетіспеушілігінен туындаған болуы керек. Кальций – адамның сүйек жүйесінің негізгі элементі. Ол сүйектің саулығы мен беріктігін сақтауды қамтамасыз етеді. Кальций ірімшікте, барлық сүт өнімдерінде, бұршақта, брокколиде молынан бар. Қатты қуырылған ет, картоп және т.б.-ға әуес болсаңыз, ағзаға қарапайым көмірсулар жетіспейді деген сөз. Ондай жағдайда, алма, алмұрт және т.б. жемістер немесе көкөністер, мысалы: асқабақ, сәбіз жеген дұрыс. Тұзды тағамға әуестенген адамда…

0
0
1334

Өнер толқынындағы «достық кемесі»

Павлодардағы облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Гүлмарал Татыбаева мен Наталия Баженованың шығармашылық жұмыстарының «FriendShip» (ағ. Friend - дос, Ship - кеме) атты жылжымалы көрмесі ашылды. Оған қос өнерпаздың сексенге жуық туындысы қойылды. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Көрме өткен жылдың күзінде Астанадағы Ресей ғылыми және мәдени орталығында ашылған екен. Екі суретші де – Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының түлегі. Бір ғажабы Гүлмарал да, Наталия да теңізді, кеме, қайықты әртүрлі жанрда, мәселен, гобелен, батик, майлы бояу, графика және қазақтың киіз басудағы қолөнері шимен бейнелейді. «Табиғат - суретші» деп тегін айтылмаған болар, Гүлмарал туындыларын табиғаттың өзінен алынған эколог…

0
0
1134