Бүгін Алматыда ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасы ашылады
ІОІ-2015 International olympiad in informatics - 1989 жылдан бастап ЮНЕСКО аясында өткізілетін оқушылар арасындағы ең беделді зияткерлік сайыс.

Бүгін сағат 15:00-де Алматы қаласындағы О.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында информатика пәнінен оқушылар арасындағы XXVII Халықаралық олимпиадасының (ІОІ-2015 International olympiad in informatics) ашылу салтанаты өтеді. Шараға әлемнің 80 елінен 630-дан астам бала қатысады, деп күтілуде. 2 тамызға дейін жалғасатын сайыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында өтеді. ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасында Қазақстан намысын Данияр Маминов, Мейрамбек Өмірзақ, Бекжан Бекболатұлы және Алтыбай Назарбектер қорғайды. Айта кетейік, ІОІ-2015 International olympiad in informatics - 1989 жылдан бастап ЮНЕСКО аясында өткізілетін оқушылар арасындағы ең беделді зияткерлік сайыс.
Олимпиаданың беделі мен танылуы жағынан математика пәні бойынша халықаралық олимпиада IMO-ға тең, деп жазады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты.
