Азаматтарға паспорт пен жеке куәлік алу тәртібі
«ХҚКО» РМК-ның барлық бөлімдерінен паспорт, жеке куәлік қалай алу тәртібі жеңілдетілді. Аталмыш мемелекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ХҚКО мына құжаттарды ұсынады:
Құжат үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті (мемлекеттік баж төлеудан босатылған тұлғалар растайтын құжаттарын) ұсынады.
Жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж төлеу
Паспорт алу үшін мемлекеттік баж төлеу
Төмендегі құжаттардың бірі:
Туу туралы куәлік (16 жасқа толған соң жеке куәлік алу кезінде, 16 жасқа дейін паспорт алу кезінде);
ҚР азаматының паспорты ( паспорт ауыстырған кезде);
Қазақстан Республика азаматының жеке куәлігі (жеке куәлікті ауыстырған кезде, 16 жасқа толған кезде бірінші рет паспорт алған кезде); ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (ҚР азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);
Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері берген қайтып оралу куәлігі (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде).
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде- күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей. Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа өтініш берген кезде – 7(жеті), 10 (он) және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді).
Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.
№1 бөлім инспекторы
Ш.Алменбетова
