СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі: Біздің мақсат — 100 нақты қадам» ұлт Жоспарының егжей-тегжейін халыққа жеткізу
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті Мемлекет Басшысының бірінші институционалды реформасын түсіндіру жөніндегі кездесулерін белсенді өткізуде. Ағымдағы жылғы 30 шілдеде мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарды талқыға салу мақсатында «100 нақты қадам – Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолы» тақырыбындағы семинарлар өңіріміздің Жамбыл және Мамлют аудандарындағы мемлекеттік органдарда өтті. Кездесулер барысында мемлекеттік қызметке өту, соның ішінде еңбек төлемінің факторлық-балдық шкаласын енгізу, кандидаттарды төменгі лауазымдарға сұрыптау және мансаптық жоғарылату, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылды және мемлекеттік қызметті жаңғырту жөнінде ұсыныстар тыңдал…



