Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бірігіп 100 нақты қадамды жүзеге асырайық

Президент Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2015 жылдың 30 шілдесінде Ақмола облысындағы әкімшілік орталықтың мәжіліс залында «100 нақты қадам: Ұқсастық пен бірлік» облыстық конференциясы өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңесінің Төрағасы Қ. Жапақовпен қатар, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі А. Цой, сондай-ақ Ақмола облысы әкімінің орынбасары                                 Н. Нұркенов, облыстық мәслихат депутаттары, БАҚ, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері  қатысты.

Конференция барысында, спикерлер 100 нақты қадамдар мен реформаларды жүзеге асыру мен олардың орындалуын толық түсіндірді. Атап айтқанда, Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңесінің Төрағасы Қ. Жапақов еңбек ақысын төлеудің факторлы-баллды көрсеткішін енгізу, мемлекеттік қызметке жаңа түсу талаптары туралы, мемлекеттік қызметкерлердің жалпы аттестациялануы, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты одан әрі күшейту сұрақтарына өз баяндамасында кеңінен тоқталды.

Өз кезегінде, облыстық ҮЕҰ және бизнес, зиялы қауымның өкілдері барлық күш пен білімдерін бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөнінде 100 нақты қадамында белгіленген стратегиялық міндеттерді бірлесіп орындау үшін бел байлады.

1
0
403

Осы тақырып бойынша

Бірігіп 100 нақты қадамды жүзеге асырайық - Yvision.kz