Адам саудасына қарсы бағытталған акция
Адам саудасына қарсы бағытталған акция
Адам бостандығы өркениетті заман қоғамының ең басты құндылықтарының бірі және адам баласын ол құқығынан айыруға ешкімнің де хақысы жоқ. Бірақ «адам саудасы», «құлдық» және «қанау» деген құбылыстардың бар болуы адам бостандығына бөгет болатын үлкен таңба түсіреді де, әрқайсының өз қауіпсіздігіне зәру болу және қырағылық сақтау жайында ой қозғауына мәжбүр етеді. Соңғы жылдары адам саудасы заңсыз байытудың тез дамушы әрі табысты әрекеттердің біріне айналғаннан, оған қарсы күрес те ауыр бомақ. Бұндай жағымсыз, ауыр іске немқұрайлықпен қарауға болмайды.
Осы тақырыптың өзектілігене байланысты Жастар Бастамаларын Дамыту Орталығы Павлодар облысының Ішкі Істер Министрлігі бірігуімен Адам Саудасына Қарсы бағытталған акцияны өткізді. Орталық қызметкерлері қала тұрғындарына ақпаратты бүктеме таратып, адамдарды осы қылмысты іс-әрекетпен қарсы күреске шақырды.
