БҚО ДСБ №4 қалалық емханасындағы семинар-кеңес

2015 жылдың 30 шілдесінде Департамент Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы №4 қалалық емханасында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Қатысушыларға «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын кәсіби, автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөніндегі тезистер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары түсіндірілді.
Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты – Антикоррупционная политика» журналы, жаднама мен буклеттер таратылып, сауалнама жүргізілді.


