Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жастардың және жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерінің рөлі
2015 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде Агенттік және оның аумақтық департаменттерінің қатысуымен бейне байланыс арқылы "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жастардың және жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерінің рөлі» тақырыбындағы сұхбат алаңы өткізілді. Сұхбат алаңына Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали және Департамент қызметкерлері, республиканың және өңіріміздің белсенді жастары, ғылыми, педагогикалық қызметкерлер және ғылым мен білім өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамд…