Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бос қызмет жәрмеңкесі

Бос қызмет жәрмеңкесі

Бос қызмет жәрмеңкесі – бұл жұмыс іздеумен қызықпаған адамға өзінің жұмысқа деген қабілеттілігн байқауға барынша жағдай жасап беретін алаң. Сонымен қатар біздің қаламызда ЖОО-ның түлектері мен жұмыссыз жастар үшін қандай қызметтер ұсынылатынын білу.

Жұмыс берушілер үшін жәрмеңкеге қатысу, сұхбат жүргізу жиілігін жоғарылатып, қысқа мерзім ішінде шынайы ізденушілер ағымын жасауға зор мүмкіндік болып табылады.

Жастар бастамаларын дамыту орталығына күнделікті көптеген қолы бос азаматтар жұмыс іздеу мәселесі мен оған орналасу бойынша біздің көмегімізге жүгінеді. Сол себептен, бүгін Жастарға Қызмет Көрсету Орталығында кезекті «Бос қызмет жәрмеңкесі» өткізілді. Жұмыс берушілер ретінде жәрмеңкеге Павлодар облысының шағын және орташа бизнес өкілдері қатысты.  Іс - шараның мұндай түрі – жастар үшін лайықты жұмыс тауып, барынша толық ақпаратты алудағы, пайдалы қарым-қатынас орнатудағы жақсы мүмкіндігі.

 

0
0
416

Осы тақырып бойынша

Бос қызмет жәрмеңкесі - Yvision.kz