Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі: Біздің мақсат — 100 нақты қадам» ұлт Жоспарының егжей-тегжейін халыққа жеткізу


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті Мемлекет Басшысының бірінші институционалды реформасын түсіндіру жөніндегі кездесулерін белсенді өткізуде.
Ағымдағы жылғы 30 шілдеде мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарды талқыға салу мақсатында «100 нақты қадам – Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолы» тақырыбындағы семинарлар өңіріміздің Жамбыл және Мамлют аудандарындағы мемлекеттік органдарда өтті.
Кездесулер барысында мемлекеттік қызметке өту, соның ішінде еңбек төлемінің факторлық-балдық шкаласын енгізу, кандидаттарды төменгі лауазымдарға сұрыптау және мансаптық жоғарылату, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылды және мемлекеттік қызметті жаңғырту жөнінде ұсыныстар тыңдалды.


«Іс-шаралардың негізгі мақсаты – «100 нақты қадам» ұлт Жоспарының егжей-тегжейін халыққа жеткізу және елге оның маңыздылығын жеткізу болып табылады. Бұл тұрғыда аумақтарда бастамаларды қолдайтын белсенді топтарды құру, мемлекеттік қызметшілерді жаңа жұмыс талаптарына дайындау негізге алынған» - деп мәлімдеді, Департамент басқармасының басшысы С.Н. Зайцева.
Бұқараның аталған реформаларда алатын орны ерекше және олардың сәтті жүзеге асырылу мақсатында түсіндірме жұмыстары жалғасын табады.

0
0
373

Осы тақырып бойынша

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі: Біздің мақсат — 100 нақты қадам» ұлт Жоспарының егжей-тегжейін халыққа жеткізу - Yvision.kz