Мазмұнға өту

Жаңа

«Айтыстан үзінді». Ұлттық арна бейнеқорынан

Осыған дейін эфирден берілген айтыстардың арасынан ең үздіктерін бүгін 12:35-те тамашалай аласыздар.

Қазақтың қасиетті өнері – айтыс қазақ даласында XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінмен дамыды. Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалма түрде орындалуы. Айтыс түйіні – шындық. Қандай жүйрік, тапқыр ақын болса да шындықтан жалтарып кете алмаған. Ақындар тек шындықпен суарылған аталы сөзге тоқтап бас иген. Бұлтартпас уәж, шындыққа құрылған бір ауыз сөз айтыс тағдырын шешіп кететіні де осыдан.

Осыған дейін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан бірқатар жыр додасы көрсетілді. Солардың арасынан ең үздіктерін бүгін 12:35-те көре аласыздар.

0
0
747

Жырақ кеткен бүлдіршіндер

Жанна, Дана, Руслан, Милананың тағдырымен толығырақ «Шетелдегі қазақ балалары» жобасынан таныса аласыздар. Тағдырдың жазуымен туған топырақтан жырақ кеткен бүлдіршіндер бүгінде басқа ананың құшағында, басқа елдің топырағында. Русланның ата-анасы – дәрігер. Русланның анасы Мэриан: «Мен ең алдымен ана бақытын сезінуді қаладым. Сондықтан, бірінші күйеуімді емес, Русланды таңдадым»,-дейді. Ол қазақ бүлдіршінін осыдан 10 жыл бұрын асырап алған. Содан кейін ғана тұрмыс құрған. Ал, Жаннаның әкесі Ричард: «Онсыз менің өмірімнің мәні жоғалар еді. Соңғы сегіз жыл менің ең бақытты дәуренім»,-дейді. Себебі, ол жұбайы екеуі қазақ қызын 50-ден асқанда асырап алған. Бүгінде АҚШ-тың Нью-Йорк, Бостон қалаларын мекен еткен қазақ бүлдіршіндері - Жанна, Дана, Руслан, Милананың тағдырымен толығырақ 12:10-да «…

0
0
286

Петропавлда Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күнін атап өтуде

Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күніне орай СҚО ІІД қызметкерлері қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп бірқатар атаулы іс-шаралар өткізді. Полицейлер мен белсенділердің басты мақсаты – адам саудасына байланысты проблемаларға, осы салаға байланысты қылмыстардың алдын алу әдістеріне адамдардың назарын аударту. Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күні 2014 жылғы 30 шілдеден бері халықаралық қауымдастықпен аталып өтілуде. Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері осы күнге орайластырылған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге алдын ала белсенді кірісіп кетті. «Шілденің 25 мен тамыздың 1 аралығында облыс орталығында түрлі акциялар өткізілу үстінде. Тұрғындарға «116-16» сенім телефонының жұмыс істейтіндігі жөнінде айтылуда. Сонымен қатар, акция аясында…

0
0
804

«Автобус» операциясы нәтижесінде жүргізуші де, оның басшысы да жауапқа тартылды

Пайдалану ережелері бұзылған автобусты жолға шығарғаны үшін Петропавлдағы көлік кәсіпорындарының бірінің басшысы 20 АЕК айыппұл төлейтін болады. Жолаушылардың қауіпсіздігі жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілердің көліктік тәртібіне тікелей байланысты. Жыл басынан бері облыс орталығында жолаушылар көлігінің қатысуымен 6 жол-көлік оқиғасы жасалып, 6 адам зардап шеккен. Жүргізушілердің кінәсінен 3 апат орын алып, 3 адам жарақат алған. Жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының және олардың салдарының ауырлығын азайту мақсатында облыста «Автобус» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Қызмет өткерудің күшейтілген түрінде жұмыс атқарып жүрген полицейлер жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге мемлекеттік органдар мен мүдделі ведомстволардың қызметкерлер…

0
0
725

СҚО-да үш күн ішінде бұрын жасалған 16 қылмыс ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция басқармасы «Барымта» жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Іс-шара шілденің 23-і мен 25-і аралығында облыстық деңгейде өткізілді. Операцияның басты мақсаты – мал ұрлығының алдын алу. СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Қанат Қасеновтың мәліметінше, «Барымта» іс-шарасына облыс полициясының 430-дан астам қызметкері тартылған. Сонымен қатар, іс-шараға СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары да қатысқан. Операцияның үш күні ішінде облыс орталығында 7 базар, 52 бірлік автокөлік тексерілді. Операция барысында облыс аудандарында да рейдтер өткізілді. Әкімшілік полицияның 381, криминалдық полицияның 51 қызметкерінен 38 ұтқыр топ құрылды. Автомобиль жолдарында бекеттер қойыл…

0
0
662

Үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде СҚО ІІД Процессингтік орталығы 145 миллион теңгені құрайтын 8 500-ден астам айыппұл салған

Бүгінгі таңда Петропавл қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің 35 құралы жұмыс істейді. Олардың барлығының жұмысы облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығымен үйлестіріледі. ІІД Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығы Петропавл қаласында 2011 жылдың қазан айынан бері жұмыс істеп келеді. Жылдамдықты шамадан тыс асыруды, бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне өтуді және тоқтау жолағынан асу бұзушылықтарын тәулік бойы тіркейді. «Процессингтік орталық Мир және Пионерский, Жамбыл мен Тәштитов көшелерінің қиылысы, Явленка тас жолы, «Лесхоз» аялдамасы апатты-қауіпті жолдарында орналасқан 4 стационарлық бекеттен келіп түсетін ақпаратты өңдейді. Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс орталығында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің 35 құралы…

0
0
808

ҚР-да сомасы 227,7 млрд теңгеге 32 037 объект жария етілді – Қаржы министрлігі

Қазақстанда ағымдағы жылдың 30 шілдесіндегі жағдай бойынша сомасы 227,7 млрд. теңгеге 32 037 объект жария етілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі. Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 402,6 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 42 676 өтініш түсті. Оның ішінде сомасы 290,6 млрд. теңгеге 35 424 тұрғын үй объектісі, сомасы 107,2 млрд. теңгеге 18 342 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 74,3 млрд.теңгеге 4 543 коммерциялық объект, сомасы 0,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 15 қатысу үлесі мен сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. «Ал, мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,5 млн тенге құрайтын 18 тұрғын үй объектісін жари…

0
0
265

«Жасыл энергетика» саласындағы қытайлық компаниялар «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырылды – ҚР СІМ

Іс-шара ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопиннің, «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі комитетінің Төрағасы Люй Синьхуаның, ҚХР-да тіркелген елшіліктердің және іскер топтардың өкілдерінің қатысуымен өтті, деп хабарлады ҚР СІМ. Елші өз сөзінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттың, 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының, бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі мазмұнымен таныстырды. Қатысушылар Қазақстанның инвестициялық саясаты, әлеуметтік-экономикалық дамуы, жақын және орташа мерзімді болашақтағы стратегиялық жоспарлары, мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат алды. Ш. Нұрышев «жасыл энергетика» саласындағы қытайлық компания өкілдерін Астанада ө…

0
0
669

«Махаббат кегі» мелодрамасы – Ұлттық арнада

Режиссер Ева Джинның туындысында басты рөлдерді Чжан Цзыи, Бинбин Фань, Со Чжи Соп сомдайды.

Софи – карикатурашы, өте сүйкімді, ақылды қыз. Ол хирург, әрі сұңғақ бойлы Джефф деген жігітпен кездесіп жүреді. Екеуі сөз байласады. Жігіт қыздың туыстарының алдына оған ұсыныс жасайды. Алайда, Софидің қуанышы көпке ұзамайды. Кезекті операция жасау сәтінде Джефф Ван Цзинцзин атты киножұлдызды кезіктіріп, оған ғашық болып қалады. Софи енді не істемек? Ол сүйгенін қалай қайтарады?

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:30-да «Махаббат кегі» мелодрамасын көріңіз.

1
0
858

«Елсіз аймақта» мультфильмін көріңіз

Туынды режиссері – Кюнг Хо Ли.


Көптің бірі емес, елден ерекше болсаң, өмірің қиындай түсері сөзсіз. Сол сияқты, әппақ коала Джонни өзінің ерекшелігінің азабын тартты. Ал, оның үстіне ерекше қабілетті, онда тұп-тура циркке баруға тиіссің. Алайда, көрермен ықыласы тұрақсыз.

Джонни теңдесі жоқ кейіпкер болуды армандайды. Күндердің күнінде дегеніне  жетеді.  Ол үшін бар болғаны жыртқыш иттердің үйірін қуып, тау қопарып, асудан асып, алып жыландарды алдап, тасман құбыжығын тұсаулап, алып қолтырауынды жеңу керек.

Тек осы сыннан өтсе ғана Джонниге сұлу бикештің махаббаты бұйырады.

Режиссер Кюнг Хо Лидің «Елсіз аймақта» туындысын бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:05-те көре аласыздар.

0
0
361