Жырақ кеткен бүлдіршіндер
Жанна, Дана, Руслан, Милананың тағдырымен толығырақ «Шетелдегі қазақ балалары» жобасынан таныса аласыздар.

Тағдырдың жазуымен туған топырақтан жырақ кеткен бүлдіршіндер бүгінде басқа ананың құшағында, басқа елдің топырағында. Русланның ата-анасы – дәрігер. Русланның анасы Мэриан: «Мен ең алдымен ана бақытын сезінуді қаладым. Сондықтан, бірінші күйеуімді емес, Русланды таңдадым»,-дейді. Ол қазақ бүлдіршінін осыдан 10 жыл бұрын асырап алған. Содан кейін ғана тұрмыс құрған. Ал, Жаннаның әкесі Ричард: «Онсыз менің өмірімнің мәні жоғалар еді. Соңғы сегіз жыл менің ең бақытты дәуренім»,-дейді. Себебі, ол жұбайы екеуі қазақ қызын 50-ден асқанда асырап алған.
Бүгінде АҚШ-тың Нью-Йорк, Бостон қалаларын мекен еткен қазақ бүлдіршіндері - Жанна, Дана, Руслан, Милананың тағдырымен толығырақ 12:10-да «Шетелдегі қазақ балалары» жобасынан таныса аласыздар.
