Петропавлда Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күнін атап өтуде

Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күніне орай СҚО ІІД қызметкерлері қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп бірқатар атаулы іс-шаралар өткізді. Полицейлер мен белсенділердің басты мақсаты – адам саудасына байланысты проблемаларға, осы салаға байланысты қылмыстардың алдын алу әдістеріне адамдардың назарын аударту.
Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күні 2014 жылғы 30 шілдеден бері халықаралық қауымдастықпен аталып өтілуде. Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері осы күнге орайластырылған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге алдын ала белсенді кірісіп кетті.
«Шілденің 25 мен тамыздың 1 аралығында облыс орталығында түрлі акциялар өткізілу үстінде. Тұрғындарға «116-16» сенім телефонының жұмыс істейтіндігі жөнінде айтылуда. Сонымен қатар, акция аясында СҚО ІІД қызметкерлері «ЕС-164/6 мекемесінде» сотталған әйел азаматтарға түсіндіру дәрісін өткізді. Дәрісте адам саудасы, осындай қылмыс жасаған үшін қандай қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны жайында айтылды», – дейді өз сөзінде СҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Зульфия Қожағұлова.
Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күніне орайластырылған іс-шаралар аясында полицейлер «СҚО Оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп Марина Нистолий тұлғасында «Қазіргі заманғы құлдыққа «жоқ» деп айт!» тақырыбында ақпараттық плакаттар конкурсын өткізген болатын. Өткізіліп жатқан іс-шараларға тұрғындардың назарын барынша тарту үшін өткізілу орны адам көп жүретін Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Тарихи-өлкетану мұражайының алды болды.
Конкурс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марпатталады. Марапаттау рәсімін тамыздың 1 күні сағат 11-де қалалық әкімдік алдындағы алаңда өткізу жоспарланып отыр. «116-16» сенім телефоны туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сапаржайларда, қалалық ауруханаларда және перинаталдық орталықта плакаттар жапсырған болатын.
Адам саудасына қарсы күрес күні «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі орталық директоры Алина Орлованың төрағалық етуімен Петропавл қаласында «ЕҚЫҰ стандарттарымен келісілетін мигранттар интеграциясының алдыңғы қатарлы практикалық әдістері» тақырыбында конференция өткізді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде адам саудасын жүзеге асыратын 500-ден астам сауда ағыны бар екен. Мамандардың пікірінше, әлемде бірде бір мемлекет бұл проблемадан шет қалмаған. Қылмыстық іс-әрекеттер көбінесе қоғамның осал топтары, әсіресе әйелдер мен балаларға бағытталған.
СҚО ІІД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
