Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде СҚО ІІД Процессингтік орталығы 145 миллион теңгені құрайтын 8 500-ден астам айыппұл салған

Бүгінгі таңда Петропавл қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің 35 құралы жұмыс істейді. Олардың барлығының жұмысы облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығымен үйлестіріледі.

ІІД Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығы Петропавл қаласында 2011 жылдың қазан айынан бері жұмыс істеп келеді. Жылдамдықты шамадан тыс асыруды, бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне өтуді және тоқтау жолағынан асу бұзушылықтарын тәулік бойы тіркейді.

«Процессингтік орталық Мир және Пионерский, Жамбыл мен Тәштитов көшелерінің қиылысы, Явленка тас жолы, «Лесхоз» аялдамасы апатты-қауіпті жолдарында орналасқан 4 стационарлық бекеттен келіп түсетін ақпаратты өңдейді. Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс орталығында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің 35 құралы орнатылған. ЖҚЕ бұзуды тіркейтін арнайы құралдарды пайдалану жол қозғалысына қатысушылардың полиция қызметкерлерімен байланысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың азаюына және әкімшілік жазалау туралы шешімдерді объективті түрде шығаруға мүмкіндік берді», - дейді өз сөзінде Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Сайлаубек Мусин.

Қала ішінде орнатылған жылдамдық өлшеуіш құралдарында тіркелген ақпарат бірден Процессингтік орталықтың базасына келіп түседі. Ол өңделіп, пошта бөлімшесі арқылы бұзушылардың тұрғылықты мекенжайы бойынша жіберіледі. Орталық тәулік сайын 60-тан 80-ге дейін бұзушылықты тіркейді.

Үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде Процессингтік орталық 145 миллион теңгені құрайтын 8 500-ден астам айыппұл салған, олардың үштен бірі өндіріп алынды. Әкімшілік полицейлер атап өткендей, қалада орнатылған Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу құралдары тек бұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, жүргізушілердің жалпы тәртібін жоғарылатуға да тиімді болып отыр. Қазіргі уақытта жол-патрульдік полициясының инспекторлары стационарлық құралдардан бөлек, жедел іс-әрекеттерге көшуде. Петропавл қаласында «Борышкер» рейдтік іс-шарасы ұдайы өткізіліп тұрады. Бұл іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді анықтау. Аталмыш рейдтерде полицейлер сот орындаушыларымен бірлесіп «Автоураган» жүйесі бар мамандандырылған автокөліктерді пайдаланады.

СҚО ІІД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
796

Осы тақырып бойынша

Үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде СҚО ІІД Процессингтік орталығы 145 миллион теңгені құрайтын 8 500-ден астам айыппұл салған - Yvision.kz