Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР-да сомасы 227,7 млрд теңгеге 32 037 объект жария етілді – Қаржы министрлігі

Қазақстанда ағымдағы жылдың 30 шілдесіндегі жағдай бойынша сомасы 227,7 млрд. теңгеге 32 037 объект жария етілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 402,6 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 42 676 өтініш түсті. Оның ішінде сомасы 290,6 млрд. теңгеге 35 424 тұрғын үй объектісі, сомасы 107,2 млрд. теңгеге 18 342 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 74,3 млрд.теңгеге 4 543 коммерциялық объект, сомасы 0,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 15 қатысу үлесі мен сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

«Ал, мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,5 млн тенге құрайтын 18 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті. Оның ішінде сомасы 636,5 млн. теңгеге 17 объект  және бағалы қағаздар жария етілді», - делінген хабарламада.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 28.07.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 73,8 млрд.теңге ақшаны жария етуге 151жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 28,9 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 37,5 млрд. теңге.

Сонымен қатар, 28.07.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 2,9 млрд.теңге түсті.

Жекешелендіру – экономиканы мемлекет иелігінен алу процесінің бір бөлігі болып табылады. Жекешелендіру  өндірістік-дирактивті реттеу басымдылығынан оны нарықтық механизм негізінде реттеуге көшуді ұсынады. 1991 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ата Заңы тұңғыш рет жеке меншік құқығын анықтады. Сол жылдары жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданылған болатын. Оның басты мақсаты – мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру, нарықтық экономикаға көшуге мүмкіндік беретін жағдай туғызу болып табылады. Жекешелендірудің алғашқы толқыны 90-жылдары ел басшылығымен нарықтық экономика негізін құру мақстаында жүргізілді. Дегенмен, бірқатар кәсіпорындар мемлекеттің иелігінде қалды.

Бүгінгі таңдағы жекешелендіру толқыны нарықтық экономика негізін нығайту мақсатында жүргізіліп отыр. Бұл бағдарламаның басты идеясы – еліміздегі жеке бизнесті ары қарай дамытуға күш беру болып табылады.

Сонымен бірге, бұған дейінгі жекешелендіру бағдарламасына қарағанда бүгінгі таңдағы компания технологиялардың дамуына орай, айқындылық, ашықтық және компанияның сатылымына шығарылатын мемлекеттік меншік/акциялар үлесін сатып алу процесіне көптеген тұлғалардың қызығушылық танытуының үлкен деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі

 
0
0
254

Осы тақырып бойынша

ҚР-да сомасы 227,7 млрд теңгеге 32 037 объект жария етілді – Қаржы министрлігі - Yvision.kz