Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Автобус» операциясы нәтижесінде жүргізуші де, оның басшысы да жауапқа тартылды

Пайдалану ережелері бұзылған автобусты жолға шығарғаны үшін Петропавлдағы көлік кәсіпорындарының бірінің басшысы 20 АЕК айыппұл төлейтін болады.

Жолаушылардың қауіпсіздігі жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілердің көліктік тәртібіне тікелей байланысты. Жыл басынан бері облыс орталығында жолаушылар көлігінің қатысуымен 6 жол-көлік оқиғасы жасалып, 6 адам зардап шеккен. Жүргізушілердің кінәсінен 3 апат орын алып, 3 адам жарақат алған. Жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының және олардың салдарының ауырлығын азайту мақсатында облыста «Автобус» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Қызмет өткерудің күшейтілген түрінде жұмыс атқарып жүрген полицейлер жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге мемлекеттік органдар мен мүдделі ведомстволардың қызметкерлерін тартты. Полицейлер мен көліктік бақылау қызметкерлерінің осындай бірлескен жұмыстары өз нәтижелерін берді. Операцияның екі күні ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 301 бұзушылық анықталды. Еңбек тәртібі мен демалыс ережелерін бұзғаны үшін 11 хаттама, заңсыз қайта жабдықтау үшін 11, медициналық тексеруден, көлік құралын рейс алдында тексеруден өткізбеген және көлігін жылдық техникалық байқаудан өткізуді елемеген 53 жүргізушіге хаттама толтырылды. Одан басқа, бірқатар өрескел бұзушылықтар анықталды: ұялы телефонмен сөйлесудің 74, жылдамдықты асырудың 16 фактісі, маневр жасау ержелерін бұзушыларға 53, қарсы бетке шыққаны үшін 5 хаттама толтырылды. Облыс орталығында орындықтары бекітілмеген автобуспен жолаушылар тасылмалдағаны үшін №5 бағыттағы автобустың жүргізушісіне ҚРӘҚБтК 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік кәсіпорнының көлік құралдарын жарамды күйде рейске шығаруға жауапты механигіне қатысты ҚРӘҚБтК 617-бабы бойынша 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды. СҚО ІІД бастығының орынбасары Серік Идрисовтің айтуынша, «Автобус» операциясы айдың соңына дейін жүргізілгенмен, алдын алу жұмыстары жыл бойы жалғастырылады.

Мәдина Балғашоқова, СҚО ІІД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
712

Осы тақырып бойынша

«Автобус» операциясы нәтижесінде жүргізуші де, оның басшысы да жауапқа тартылды - Yvision.kz