Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін «Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады

Телехикаяның алғашқы бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:35-те көре аласыздар.

«Қызыл сарайдағы түс» – 18 ғасырда жазылған  роман. Оның желісінде түсірілген аса күрделі  телехикая Цин династиясы кезеңіндегі тұрмысты баяндайды. Фильм атауының қос  мағынасы  бар. Бірі  - «Қызыл сарай» бұл – ақсүйек әулеттердің қыздары өмір сүретін жер болса,  екінші мағынасы 5-ші бөлімде  басты рөлдегі кейіпкер Баоюй көретін түс. Яғни, оның түсінде біраз кейіпкерлердің тағдыры осы «Қызыл сарайда» шешіледі. Телехикая 2010 жылы Азиядағы телетуындылардың көрсетілімі бойынша үздік атанды.  50 бөлімдік  туындыға 40-қа жуық бас кейіпкер және 500-ге жуық қосымша кейіпкер түскен.

«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясын дүйсенбі-жұма күндері Ұлттық арнадан сағат 19:35-те тамашалай аласыздар.

0
0
374

Құқық қорғау органдарын реформалау мәселелері жөніндегі интернет-сайттың іске қосылғаны туралы баспасөз ақпараты

Бас прокуратура Мемлекет басшысы жариялаған бес институционалдық реформаларды және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын  жүзеге асыру бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Қадағалау органы мемлекеттік басқару, сот төрелігі, сондай-ақ заң үстемдігі қағидасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын әзірледі және оларды Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия қолдады. Атап айтқанда, алқабилер институтын жетілдіру, тергеу әрекеттеріне санкция беру жөніндегі прокуратураның функцияларын біртіндеп тергеу судьяларына беру, азаматтық-құқықтық даулардың жекелеген санаттары бойынша прокурорлардың сотқа қатысуын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kukyk-korgau-organdaryn-reformalau-mseleleri-zhonindegi-internet-sayttyn-iske

0
0
720

«Қазақтелеком» телекоммуникация қызметтеріне комиссиясыз төлеу мүмкіндігін ұсынады

«Қазақтелеком» АҚ абоненттері telecom.kz порталы арқылы комиссиясыз он-лайн телекоммуникация қызметтеріне төлеу мүмкіндігін алды. «Қазақтелеком» компаниясы абоненттерге қызмет көрсетуді және ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарлату мақсатында, кері байланыс жүйесін тиімді етіп және телекоммуникация қызметтеріне онлайн тәртібінде telecom.kz порталында коммиссиясыз төлеу мүмкіндігін жасады. Шығыс Қазақстан облысының қала мен аудандарындағы «Қазақтелеком» АҚ желілік сервис пункттерінде абоненттер үшін сайттың басқа функциялары жөнінде абоненттерге компанияның қызметкерлерімен кеңес беру бойынша таныстыру нүктелер ұйымдастырылды. Бүгінгі күні облыстың 500-ден астам тұрғыны қызметтер, портал функциялары, «Қазақтелеком» АҚ қызметтеріне төлемдерді telecom.kz порталы арқылы банктердің төлем карт…

0
2
991

Жамбыл облысының аграрийлері тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерін белсенді еңгізуде

Жамбыл облысының агрокешеніне жаңа технологияларды енгізіп, пайдалану мәселері Байзақ пен Меркі ауданында аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен «Егістік күні - 2015» семинар-кеңесінде талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Аталып өткендей, өткен жылы Жамбыл облысының диханшылары 4 281 га жерге тамшылатып және жаңбырлатын суаруды орнатқан, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 2 881 га құраған болатын. Кездесу барысында аудандардың бірқатар шаруа қожалықтары аймақ басшысына жаңа технологияларды пайдалану үрдісін көрсетті. Сонымен, «Шәріпов» ШҚ мен «Талап» ШҚ көкеністер мен қызылшаны өсіру саласында жаңа технологияны пайдалану әдісін көрсетті. Бұдан басқа, өз жұмысын «Сыпатай батыр» ЖШС таныстырды, ол тамшылатып суаруды 55 га және жаңбырлатып суаруды 400 га жерд…

0
0
710

Ұлт Жоспары: Қазақстандық суретшілер 2017 жылы Венеция биенналіне қатысады

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жұмыстары аясында ҚР Ұлттық мұражайы 2017 жылы қазақстандық суретшілердің Венеция биеналіне қатысуына ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды ҚР Ұлттық мұражайының Қазіргі заманғы өнер орталығының жетекшісі Роза Әбенова Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында. «100 қадам» кең ауқымды ұлттық жобасының аясында Ұлттық мұражай бірқатар көрме жобаларын ұсынып отыр. Бұл бірінші кезекте қазіргі заманға өнерге де қатысты, өйткені Ұлттық музейде өзге де тақырыптық залдар бар. Олар: этнография, археология, тарих, тәуелсіздік тарихы т.с.с. Қазіргі заманғы өнерге келетін болсақ, ҚР Ұлттық музейі қазақстандық суретшілердің 2017 жылы қазіргі заманғы өнер бойынша өтетін белгілі, халықаралық Венеция биенналіне қатысуларына баста…

0
0
404

Қазақстандық баскетболшы қыздар (U-16) Азия чемпионатында Сингапур құрамасына ұтылды

Баскетболдан қыздар арасындағы (U-16) Азия чемпионатында Александр Гусевтің қарамағындағы спортшылар Сингапур командасынан ұтылып қалды.

Біздің қарсыластарымыз ойын басталған сәттен басымдық танытып, жарыстың соңына дейін қарқындарын бәсеңдеткен жоқ. Қорытынды есеп: Сингапур пайдасына 76:63 (21:13, 17:18, 16:10, 22:22).

Ертең біздің қыздарымыз Гонконг командасымен ойнайды.

1
0
420

«Данышпан Уилл Хантинг» драмасын көріңіз

Режиссер Гас Ван Сенттің фильмінде Мэтт Дэймон, Робин Уильямс, Бен Аффлек ойнайды.

Уилл Хантинг — 20 жасар бостондық данышпан.  Қит етсе басы бәлеге қалады. Полиция оны кезекті төбелесте тұтқындағанда математика профессоры оны өз қамқорлығына алады. Бірақ бір шартпен: Уилл психотерапия курсынан өтуі тиіс. Сенбеушіліктен басталған «қайта тәрбиелеу» сеанстары  біртіндеп Уилл мен оның ұстазының достығына ұласады.

Мэтт Дэймон, Робин Уильямс, Бен Аффлек негізгі кейіпкерлерін сомдаған «Данышпан Уилл Хантинг» драмасын бүгін 22:25-те тамашалай аласыздар.

0
0
1816

«Мақшардан жеткен хаттар» драмасында

Басты рөлдерде – Ким Джэ Джун, Хан Хё Чжу.

Саки есімді  қыз  жақындары мен туыстарының хабарын о дүниеге жеткізетін хат тасушыны кездестіреді. Хат тасушы о дүниеге орала алмайды, себебі, Жер бетінде оның аяқталмаған ісі бар. Бұл іс өзінің сүйіктісінің өліміне сене алмай жүрген Сакидің күйзелісі еді.

Режиссер Хиунг-мин Лидің «Мақшардан жеткен хаттар» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:30-да көре аласыздар.

0
0
1490

Михаил Кукушкин теннистен Президент Кубогында жеңіске жетті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Астанада аяқталған халықаралық «President’s Cup-2015» турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда Кукушкин ресейлік Евгений Донскойды 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Сонымен қатар, әйелдер арасында да турнирдің жеңімпазы анықталды. Финалға дейін ешкімге дес бермеген ресейлік Ксения Первак өзінің отандасы Натела Дзаламидзеге қарсы ойында 6:6 есебінде жарысты жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде Дизаламидзе турнирдің жеңімпазы атанды.

0
0
206

«Ұлттық шоуда» — кино майталмандары

Бүгін 21:00-де «Ұлттық шоу: Роза шақырады» хабары кино әлеміне сапар шекпек.

Кино өнері – әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай-ақ кадрларды үйлестіре құрау екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Себебі, фильмді бір кезекті миллиондаған адамдар көреді. Ал, сол миллионның көңілінен шығатындай туындыны өмірге әкелу үшін еңбек аздық етеді, оған табиғи дарын, ұшқыр қиял қажет.   Фильмді жасау жолында тер төгетін әр алуан мамандықтағы қызметкерлер -  кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитордың еңбегі өз алдына жеке әңгіме.

Бүгін  21:00-де «Ұлттық шоу: Роза шақырады» хабары кино әлеміне сапар шекпек.

0
0
376