Көлік терезелерін көлеңкелеу әдістері туралы не білеміз?
Сапалы жабыстырылған пленкалы терезенің сынуы немесе зақымдалуы сирек кездеседі. Сапалы жасалған көлеңкелеу ультракүлгін сәулелерінің салонға түсуін 97 пайызға кемітеді. Қосымша көлік терезелерін көлеңкелеу қауіпсіздікті азайтады деген пікір қалыптасқан. Мамандардың айтуынша, ол керісінше, қорғаныш күшін арттырады. Себебі, сапалы жабыстырылған пленкалы терезенің сынуы немесе зақымдалуы сирек кездеседі. «Көлеңкелеудің бірнеше түрі болады. Көбіне жүргізушілер қарақоңыр түсті қолданып жатады. Күн көзінен салонын сақтау және құнды заттарды көлікте қалдырған сәтте бөгде адамдарға көрсетпеу мақсатында автокөлік иелері арнайы келіп жасатады. Жоғары сапалы материал қолданса, 5 жылға дейін еш бүлінбестен қызмет етеді. Ал, мамандар үш жыл кепілдік береді. Пленканы көлік есігінің терезелеріне жабыст…
