Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жыл басынан бері «Интеллектуалды қиылыс» арнайы техникалық құрылғысы арқылы 2964 жүргізушіге айыппұл салынды

Заман талабына сай жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты қала орталығындағы  Қорқыт Ата – Яссауи көшелері, Қорқыт Ата – Байтұрсынов көшелері, Желтоқсан – Тоқмағанбетов көшелері, Желтоқсан – Мұратбаев көшелері, Мұратбаев – Абай даңғылы көшелері, Жібек Жолы – Бейбарыс көшелерінде «интеллектуалды қиылыс» және «Red Speed» жылдамдық өлшегіш арнайы техникалық құрылғылары жұмыс жасайды. Бұл құрылғылардың ерекшелігі – жол-көлік оқиғаларының орын алуына әкеп соқтыратын түрлі сипаттағы құқық бұзушылықтарды анықтауға ықпал етеді. Атап айтқанда:

-         Тоқтау сызығын бағдаршамның тыйым салынатын белгісіне өтіп кету. Аталған құқық бұзушылықты жасаған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің  601-бабы, 1-бөлігімен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінд айыппұл салынады.

-         Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүру. Аталған құқық бұзушылық жасаған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы, 1-бөлігі бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

-         Көлік жүргізушілерінің белгіленген жүру жылдамдығын шамадан тыс арттыруы. Аталған құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы, 1,2,3-бөліктері бойынша 10-нан 30 айлық есептік көрсеткішке  дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

-         Жолдың қарсы бағытына шығып кеткен көлік жүргізушілеріне ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізу куәлігі 1 жылға сот арқылы алынады.

Қазіргі таңда, осы құрылғылардың көмегімен 2964 жүргізушіге 52 млн. 007 680 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осыған орай, Қызылорда облысы тұрғындарына орын алған құқық  бұзушылықтар барысында салынған айыппұлдар жайлы мәліметті ӘПБ Әкімшілік тәжірибе бөліміне хабарласу арқылы немесе 29-77-11 телефоны нөмірі арқылы алуға болатындығы хабарланады.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
776

Осы тақырып бойынша

Жыл басынан бері «Интеллектуалды қиылыс» арнайы техникалық құрылғысы арқылы 2964 жүргізушіге айыппұл салынды - Yvision.kz