Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Көлік терезелерін көлеңкелеу әдістері туралы не білеміз?

Сапалы жабыстырылған пленкалы терезенің сынуы немесе зақымдалуы сирек кездеседі.

Сапалы жасалған көлеңкелеу ультракүлгін сәулелерінің салонға түсуін 97 пайызға кемітеді. Қосымша көлік терезелерін көлеңкелеу қауіпсіздікті азайтады деген пікір қалыптасқан. Мамандардың айтуынша, ол керісінше, қорғаныш күшін арттырады.  Себебі, сапалы жабыстырылған пленкалы терезенің сынуы немесе зақымдалуы сирек кездеседі.

«Көлеңкелеудің бірнеше түрі болады. Көбіне жүргізушілер қарақоңыр  түсті қолданып жатады. Күн көзінен салонын сақтау және құнды заттарды көлікте қалдырған сәтте бөгде адамдарға көрсетпеу мақсатында автокөлік иелері арнайы келіп жасатады. Жоғары сапалы материал қолданса, 5 жылға дейін еш бүлінбестен қызмет етеді. Ал, мамандар үш жыл кепілдік береді.

Пленканы көлік есігінің терезелеріне жабыстырарда тазалап сүрткен жөн. Сонымен қатар, төменгі жағына 1 сантиметрдей артық салынады. Тағы бір мән беретін жайт, жоғары және төменгі тұстарын монтаж уақытында дұрыс кептіру қажет. Сонда ол ашылып кетпейді»,-дейді маман Асхат Ещанов.

Көліктің терезелеріне тонировка жасатарда қолданылатын материалдың сапасына да мән беру керек. Себебі, алғашында мінсіз көрінген пленка уақыт өте келе көздің көруін нашарлатуы да ғажап емес.

Әлемдік талап бойынша ең үздік пленка қандай? «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
400

Осы тақырып бойынша