Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Нұр Отан» партиясының қайырымдылық акциясына қатысты
«Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық»партиялық жобасын жүзеге асыру аясында 2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана қаласының Балалар үйінде Комитет жетім балалар үшін«Балаларды мектепке дайындау» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Комитет қызметкерлері жинаған қаражатқа мектеп жинақтары – рюкзактар және кеңсе құрал-жарақтары сатып алынды. Комитет өкілдері балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға оқуда табысты болуға және жақсы бағалар алуға тілек білдірді және балаларға мектепке арналған арнайы сыйлықтарды табыс етті.
Балалар үйі директорының орынбасары Оксана Дзюба осындай кездесулердің балалар үшін өте маңызды екендігін атап өтті, себебі оларға ересектердің қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді.
Оксана Дзюба, балалар үйі директорының орынбасары:
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ұжымына және «Нұр Отан» партиясы мүшелеріне балаларға көрсетіп жатқан көмектері үшін үлкен рахмет. Бұл балаларға қуаныш әкелетін, оларға өздерін керекжәне қорғанышта екенін сезіндіретін өте жақсы мүмкіндік».
