Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін – жазушы Әкім Таразидің туған күні

Бүгінде сексеннің сеңгіріне шықса да, жазушы өзімді жігіттей сезінемін дейді. Бүгін – жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әкім Таразидің туған күні. Ол 30-ға жуық кітаптың авторы. Туындылары бірнеше тілге аударылған. Әкім Тарази - 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1955 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін, Мәскеудегі сценаристердің жоғары курсын тәмамдаған. «Құйрықты жұлдыз», «Тәж», «Тасжарған», «Қыз махаббаты» сынды роман, повестердің авторы. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шықса да, жазушы өзімді жігіттей сезінемін дейді. «Балалар 80-ге келіпсіз дейді. Содан кейін мойындаймын. Әйтпесе өзім жасымды сезіп жүрген жоқпын. Жастың…

0
0
726

Бүгін – Сұлулық күні

Бүгін – Сұлулық күні. XX ғасыр сұлуы атанған Одри Хепберннің сұлулыққа қатысты кеңестерін ұсынамыз. Актриса әйелдердің қалай тартымды болу керектігі туралы көп кеңес берген. Ол бастысы – сыртқы келбет, киім, байлық сынды нәрселер емес, адамның ішкі жан дүниесі, жүрегінің тазалығы мен айналасындағыларға деген махаббаты деген екен. Ерніңіздің тартымды болуын қаласаңыз, жақсы сөздер айтыңыз; Арық боламын десеңіз, тамағыңызды кедейлермен бөлісіңіз; Көздеріңіз әдемі болуын қаласаңыз, айналаңыздағы әдемі дүниелерді көре біліңіз; Шашыңыз әдемі болуы үшін бүлдіршінге шаштарыңызды сипатыңыз. Өзіңізге сенімді боламын десеңіз, қасыңызда біреудің болуына мүмкіндік беріңіз. Әсемдік сыртқы бейнеде емес, әйелдің жанында. Сұлу боламын десеңіз, ішкі махаббатыңызды көрсетіп, онымен бөлісе біліңіз. Әйелдің…

0
0
464

ҚазМұнайГаз: жалынды жастар –жарқын болашақтың кепілі

Бүгінгі мақсат – елдің тұтқасын ұстайтын, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу, елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын көшбасшылар шоғырын қалыптастыру. Бүгінгі таңда елдігімізді күшейту, болашаққа деген сенімді нығайту, жастар саясатына байланысты маңызды жобалардың бірі - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамына қарасты компаниялар жанынан құрылып жатырған Жас мамандар кеңестері. 30 шілде күні «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жастарының басын бір ортаға тоғыстырған Жас мамандар кеңесіне бір жыл толды. Осыған орай оқырман назарына Кеңес төрағасы Бауыржан Ходжаевпен сұхбатты ұсынамыз. –Бауыржан, ең алдымен өзіңізді және Компаниямыздың барша жас мамандарын, жалпы ұжымдастарымызды Кеңестің бір жылдығымен құттықтаймын! Сұхбатымызды Жас мамандар кеңесін құру идеясы және Кеңесті құ…

0
0
571

ЗТЖМО -дағы семинар-кеңес

2015 жылдың 8 қыркүйегінде Департамент қызметкерлері Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Батыс Қазақстан облыстық филиалы қызметшілерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының  негізгі бағыттары мен міндеттері, Қылмыстық Кодекстің новеллаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

 

0
0
613

Тырнағыңыз күтімді қажет ете ме?

Зерттеу нәтижесі бойынша, әйелдер ақшасын, уақытының көп бөлігін шаш пен келбетіне бөледі екен. Ал, тырнақ пен қолдың ахуалына бірі аса назар аударса, енді бірі бас қатырғысы да келмейді. Әрине, салонға барып немесе үйде отырып-ақ маникюр жасап, тырнақты өсіріп алу жеткіліксіз. Күнделікті күтім қандай болуы керек? «Әйел бақыты» пайдалы кеңестерін ұсынады. 1. Үйден шығар алдында қолыңызға ғана крем жағып қана қоймай, тырнағыңызды да ұмытпаңыз. Сонымен қатар, майды да үнемі өзіңізбен бірге, сөмкеңізде алып жүрсеңіз, балғындықты сезбеген кезде дереу қажетіңізге жарата аласыз. Себебі, кремнің құрғақтықтан және ультракүлгін сәулелердің алдын алуға септігі тиеді. 2. Ыдыс, еден жуғанда, шаң сүрткенде үй шаруашылығына арналған арнайы қолғапты пайдаланғаныңыз орынды. Қолданатын сұйықтықтардың құра…

2
0
874

Асқар Мырзахметов Атырау облысына жұмыс сапарымен барды

Онда партия белсенділерімен жүздесіп, партияның алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ облыстық филиал ұжымына нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді. Атырау қалалық «Салтанат сарайында» өткен партияның облыстық активімен кездесуге филиал төрағасы, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, филиал Саяси кеңесі және Бюросының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйым өкілдері, филиалдың жауапты қызметкерлері қатысты. Кездесуде облыстық филиалдың атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндалды. Әріптестерінің партия жұмысын жетілдіруге байланысты ұсыныстарын тыңдап, жиынды қорытындылай келе, Төрағаның Бірінші орынбасары филиал жетекшісіне бірқатар міндеттер жүктеді. Ең алдымен, бюджеттік қаражаттың тиімді жүмсалуын бақылау мәселесі баса айтылды. Мемлекеттік бюджеттен қар…

0
0
321

Асқар Мырзахметов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Маңғыстау облыстық филиалы партия активінің жиналысына қатысты. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің мәжіліс залында өткен жиынға «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аумақтық филиалдардың басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері және жасотандықтар қатысты. Жиын барысында аймақ басшысы, облыстық филиал төрағасы Алик Айдарбаев Елбасы Жолдауында және Бес ұлттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамында айтылған тапсырмаларды орындау бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Ол облыс бойынша партияның Сайлауалды тұғырнамасындағы көрсеткіштерінің 80 пайызға жуығы о…

0
0
634

А. Цой үш аймақтағы медициналық ұйымдардың жергілікті халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстарын жаңғыртуға дайындығын тексерді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарына барған жұмыс сапарында Қазақстан Республикасындағы қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясын өткізуге арналған әлеуметтік мобилизациялау мен ақпараттық жұмыстар жоспарын жүзеге асыру шараларын, сонымен қатар, медициналық ұйымдардың вакциналауды өткізуге дайындығын тексерді. Жоспарды жүзеге асыру шаралары аясында Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының медициналық ұйымдарында жұртшылыққа қызылшаға қарсы вакциналау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша иммундауға жататын мақсатты топтардың (15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер) және вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдардың құрамы анықталуда. Егу бригадалары жасақталып, медициналық…

0
0
228

Курчатовта ШОБ кәсіпкерлігінің саны 16,2 пайызға өсті

Курчатов қаласында жыл басынан бері шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны 16,2 пайызға өсті, деп хабарлады Шығыс Қазақстан Облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 2015 жылдың 6 айы бойынша аудан және қала рейтингтері бойынша Курчатов 4-ші орын алды. Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімінің мәліметінше, өндірістік өнім көлемі 1 123,3 млн теңгені құрады, ол 2014 жылдың көрсеткішінен 4,2 млн теңгеге жоғары. Шағын және орта бизнес кәсіпорыны 16,2 пайызға көбейді, мал шаруашлығы өсуде. Тамыз айында 600 орындық мектептің құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, еліміздің өзге өңірлеріндегі осы тақырыптағы жаңалықтарды еске түсіріп өтсек, Қарағанды облысында жұмыс істеп жатқан ШОБ субъектілері 12,4%-ға артты және 91,1 мың дананы құрағандығын экономика және қаржы басқармасының бастығы Ольг…

0
0
305

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық ватерполшылар Испаниядан жеңілді

Алматыда 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы су добы бойынша әлем чемпионатының үшінші күні аяқталды. «Rakhat Fitness» спорт кешенінде сегіз тартысты кездесу өтті, деп жазды Sports.kz. Ойын күніні ашылғанда Австралия мен Сербия құрамалары қарсыластары Мексика мен Ираннан басым түсті. Кейін Д тобында Қазақстан құрамасы, бұл топтағы тағы екі команда Италия мен Канада сынға түсті. Жарыстың үшінші күнінде Қазақстан Испания құрамасымен бәсекелесті. Испаниялықтар кездесуді шабуылдардан бастады. Алайда Неманья Кнежевич шәкірттері барынша қарсы тұрып қарсыластарын алға жібермеуге тырысты. Екінші кезеңде екі команда тең дәрежеде ойнап, алайда үзілістен кейін бұл көрсеткішті сақтап қалу мүмкін болмады. Испаниялықтар едәуір алға шығып кетті. Жерлестеріміз командалар арасындағы арақашықтықты қы…

0
0
463